Тақырыбы: «білім берудегі ақпараттық ЖӘне телекоммуникациялық технологиялар»



Дата16.01.2022
өлшемі14,78 Kb.
#112447
Байланысты:
Білім беру
Айгерім әдебиет сурет салу

Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

Ақпараттық-телекоммуникациялар технологияларды қолданудың теориялық негіздерін меңгеру, оқыту үрдісі мен білім беруді басқаруға ақпараттық технологияларды енгізетін әдіскер – ұйымдастырушылар мен оқу үрдісінде пайдаланылатын нақты қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау. Түйін сөз: білім беру жүйесі, ақпараттандыру, телекоммуникация, технология, ақпарат. Қазіргі кезде білім салаларындағы ең өзекті мәселе - ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу. Ақпараттық өркениетті адамзат қоғамын кұру барысында білім беру жүйесін ақпараттандыру басты назарға алынып отыр. Жаңа қоғамды ақпараттандыру үрдісі материалдық өндірісті басқарудың, мәдениеттің, тұрмыстың, ғылымның, білімнің барлық салаларына компьютерлік техника құралдарын енгізу арқылы жүзеге асады және қоғамның ілгері дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Компьютерлік ақпараттық технологияны бүкіл адамзат әрекетінде қолданылуы қоғамның интеллектуалды тенденцияның жоғары деңгейін көрсетеді. Осыдан адамзаттың ақыл-ой әрекетіне, сонын ішінде білім беру жүйесіне жаңа жағдайлар жасалуда. Алғаш рет дене еңбегі емес. Ең біріншіден ақпаратты өңдеумен байланысты ақыл-ой әрекеті автоматтандырылуда [1]. Қазіргі қоғамда ақпарат мәселесі негізгі орын алады. Әлеуметтік экономикалық үрдістің өзгеруі, қиындықтары - шұғыл білім көлемінің сапасын талап етеді. Қазіргі жағдайдағы қажетті ақпараттар және қажетті білім жетіспеушілігі әлеуметтік және ғылыми дамуға кедергі келтіреді. Білімдік жетіспеушілік дәстүрлі білім беру әрекеті арқылы нәтиже бермейді, сондықтан оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, яғни есептегіш техникаларды, телекоммункациялық құралдарды, ақпараттық құралдарды пайдалану қажет. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Білім беру жүйесін ақпараттандыру - информатика мен ақпараттық технология құралдарын пайдалана отырып, қоғам мүшелерінің ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру және көтеру денгейін қамтамасыз ету үрдісі. Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми-зерттеу, ғылымитехникалық және материалды-техникалық жобалардан тұратын ғылыми-техникалық бағдарламалар жүйесін айтады [2]. Қоғамымыздың жаңа қарқынмен жылдам алға басу динамикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес білім берудің бұрын болмаған басқаша пародигмасын қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтарымен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінін өзі де күрделі құрылымынан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйенің бір-бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұратыны анықталды, олар: теориялық-әдіснамалық, педагогикалық, экономикалык ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер. Сол себепті қазіргі кезде білім салаларындағы ең өзекті мәселеге ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары айналып отыр. Оқытудағы ақпараттық технологияны білім беру саласында (жоғары, арнаулы орта, орта, бастауыш мектептерде) пайдалану жағдайлары төңірегінде баспа беттерінде де аз жазылып жүрген жоқ. Көбінесе бұл мәселені сөз еткенде электрондық оқулық жайы әңгіме болады. Электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады және оларды қазіргі уақытта әйгілі ғалымдар меп тәжірибелі мүғалімдер жасауда. Біз электронды оқулықты ғылым негіздері қамтылған ғылыми педагогикалық өнім ретінде қарастырамыз. Электронды оқулықты жасаудын концептуалдык негізі - модульдік оқытудың педагогикалық теориясы, ал модульдік оқытудың негізідидактикалык модульдер болып табылады [3]. Дидактикалық модуль әдістемелік аппараты айқын кеңейтілген жаңа буын оқулықтарын, электрондық оқулықтарды, компьютерлік оқу құралдарын дайындау міндетін атқарады. Ол оқушылардың құнды және елеулі түрде кеңейтілген оқу-танымдық іс-әрекетін бағдарлайды және камтамасыз етеді. Бұл модуль арқылы оқу-тәрбиелік үрдістің бірыңғай аумағында педагог пен оқушының оқу, оқу-ғылыми, әдістемелік, басқару, ұйымдастыру жұмысын жинақтау мен шоғырлауға болады. Дидактикалық модуль әр түрлі пәндер бойынша да, интеграцияланған курс үшін де бірізді болып, оларды бір-бірімен байланыстырып, ұштастырудың әдістемелік нұсқауын белгілейтін жүйе болуы қажет. Оқулықтар (кәдімгі немесе электрондық) пән саласындағы жетекші мамандар, педагог-әдіскерлер және бағдарламашы-дизайнер-операторлардың бірігуімен оқу бағдарламасына сәйкес жасалынады, олар карым-катынас арқылы оқытатын білім бағдарламасының мазмұнын анықтайды. Алайда берілген бағдарлама оқыту әдісінің (білім саласы бойынша) позициясы жағынан негізгі психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талаптарға жауап беретіндей болу керек. Электронды оқулықтар - оқытудың автоматты үрдісі болып табылады. Оқушылар тьютор-мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен, тапсырмалармен және тестілермен таныса алады [4]. Қазіргі таңда білім беруді ақпараттандыру мәселесі елімізде тың белестерге көтеріле бастаса да, осы мәселе төнірегінде шешілмеген сұрақтар жетерлік. Ғылымипедагогикалық әдебиеттерде "дидактикалық тиімділік" ұғымы нақты қарастырылмаған, кейде шашыраңқы түрде кездеседі. Оқытудағы ақпараттық технологияны оқытуда қолданудың тиімділігі дегенде мұғалімнің алдын-ала болжанған оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарына компьютерлік және ақпараттық жабдықтардың пайдалана отырып жетуін түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет