Тақырыбы: «Бір аллаға сыйынып, Кел, кел балалар оқылық»



Дата31.12.2019
өлшемі100,08 Kb.
#54573
Тақырыбы: «Бір аллаға сыйынып, Кел, кел балалар оқылық»

Мақсаты: ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өмірімен ,шығармаларымен таныстыру.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтау,құрмет тұту.Ы.Алтынсарин әңгімелері арқылы оқушыларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

1. Баяндама

2 . Әдеби монтаж

3. Әңгімелері

Ұлан басы: Советова Гүлім Жас қырандықтар сап түзеп тік тұрындар!

Қазақстан Республикасының Гимны орындалсын.

Топ басшысы: Серікбаева Зере

Ұлан басы: Аға тәлімгерге мәлімдеме тапсырады.


Мұғалім: Балаға жастай дұрыс тәрбие беру-бүкіл дүниежүзіндегі педагог –ғалымдардың ескі замандардан бері үлкен көңіл аударып,айырықша көтерген мәселелерінің бірі десек,

19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы тұңғы қазақ педагогы –Ы.Алтынсарин.

Ы.Алтынсарин екі түрлі мәселені алдына мақсат етіп қойды:біріншісі-мектеп ашу,бала оқыту,жалпы халықты ағарту жұмысы,екіншісі-халықтың ой-санасын жаналыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істер.Өзінің алғашқы адымында-ақ мектепті бірінші орынға қойған.1871 жылы 31 тамызда Н.И.Ильменскийге жазған хатында былай деген екен: «Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ даладағы метептер шашылыңқы,сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр,әйтседе олардың үміт күтер мектеп ,тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты ».

Баяндама

Ыбырай Алтынсарин қашан және қандай отбасында дүниеге келгнен?

Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,ақын,жазушы,этнограф, фольклоршы,қоғам қайраткері.Шын аты-Ибраhим.Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан.ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді.Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болса, анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілермен жырларды көп білетін сауатты адам болған.Ыбырай ертегілер мен жырларды ,Жоңғар шапқыншылығы туралы әңгімелерді анасынан естіп өседі.

Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерісшілер қолынан қаза тауып,үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді.Балғожа би-ұзақ уақыт Орынбордағы шекара комиссиясы қоластында қыпшақ руына старшын болған.Немересін адалдыққа ,шешендікке,турашылдыққа тәрбиелеген.Балғожа оны жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып, қанатын қатайтқан.Ыбырай да атасын жерге қаратпай алғыр болып өседі.Атасы Балғожа төңірегіне ақын-жырауларды жинап өзі де өлең жазған.Балғожа немересінің табысқа жетудің ендігі жолы-оқу деп біліп, кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп отырған орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды.

2.Ыбырай мектепке неше жасында барды және қалай оқыған?

1850 жылы Орынборда қазақ балаларына арнап ашылған мектепке қабылданған отыз қазақ баласының бірі –Ыбырай тоғыз жаста болады. Ол сабақты ынта қойып оқиды.Сол кезде сақталған деректерде Ыбырайдың білімге құштар,зерек,елгезек болғаны туралы жазылған.Мектепте орыс тілі,кеңсе хаттарын жазу үлгілері,есеп,татар тілі пәндері және мұсылман діні сабағы жүрген.Ы.Алтынсарин мектепті үздік бағамен бітіріп, мектеп әкімшілігінен бірнеше рет алғыс алады.

1857 жылы ол Орынбор шекара комессиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.1859 жылдан бастап Орынборда тілмаштық қызмет атқарады.Ол дүниежүзі әдебиеті классиктерінің –В.Шекспирдің,И.Гетенің,А.Пушкиннің,М.Лермонтовтың,Ә.Науаидің,І.Низамидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқып,рухани өседі.ЫАлтынсарин араб,парсы,орыс,татар тілдерінде еркін сөйлеген.

3.Алғаш мектеп ашуы

1860 жылы Орынбор беінісінде Жайықтың шығыстағы қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашу ісі қолға алынып,сол мектепке Ыбырай өзі сұранып ,орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.Бірақ мектеп ашу оңайға түспейді.Ыбырай ауыл-ауылды аралап білім алудың маңызы мен қажеттіліктерін түсіндіреді.1864 жылы 8 қаңтарда ашылады.Бұл-Ыбырайдың ағартушы –педагог ретінде жеткен алғашқы бір жетістігі.Ыбырай өзінің жан досы белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай деген «Осы жылы көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды.Оған 14 қазақ баласы кірді.Бәрі де жақсы есті балалар.Мен балаларды оқытуға қойған шапқан аш қасқырдай қызу кірістім». Осылайша қазақ даласында ұлттық мектеп жұмыстары қалыптаса бастайды.



4.Ыбырайдың өз отбасы жайлы.

Жасы жиырма бестер шамасына келген кезінде Кіші жүз жаппас руның Шолақ деген құрметті адамның қызына уйленеді.Ыбырайдың әйелі Айғаныс ұзын бойлы,қызыл шырайлы,қой көзді,аққұба,көп сөйлемейтін биязы адам болған.Ыбырай жары Айғаныс екеуі көпке дейін перзент сүйе алмай жүреді.Осыған байланысты қазақ халқының салты бойынша Оспанның ұлы мен қызын тәрбиелейді.Өздерінің тұңғыштары дүниеге келіп,атын Абдолла қояды.Екінші ұлы Әбдірахман 1884 жылы,ал Шәрипа есімді қызы 1886 жылы туады.Әбдірахман Троицк қаласындағы гимназияда оқып жүріп,15 жасында құрт ауруына шалдығып қайтыс болады.Қызы Шәрипа алты жасында өмірден өтеді.Үлкен ұлы Абдолладан 1916 жылыНағима есімді қыз дүниеге келеді.

20-30 жылдары дүрбелең кезенде Ыбырайдың ұрпақтары да байдың тұқымы ретінде қуғындалады.1982 жылыАбдолла кәпескіге ұшырап,жер аударылады.Абдолла өкпесіне салқын тиіп 52 жасында ауырып қайтыс болады.Жамбыл облысы Қордай ауданында жерленген.

Ал Нағима Ыбыраева Қырғыстанда тұрмысқа шығады.Күйеуі соғыста қаза табады.Бірнеше жылдан соң Нағима Б.Амангелдиевке қосылып,Жұмагүл,Дулат атты екі баланы дүниеге әкеледі.Нағима 1998 жылы наурыздың 30-да 82 жасында қайтыс болады.



5.Ы.Алтынсариннің дүниеден өтуі

Ы.Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде 48жасында Тобыл өзенінің «Қостанай» бойындағы өз үйінде дүниеден өтеді.Бұл жайында «Дала уәлаяты» газетінде Ы.Алтынсарин ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болғандығы айтылса,кейбір деректерде неден екені нақты белгісіз делінеді.



Слайд

Әдеби монтаж

Әй, достарым



Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.

Өнер-білім бар жұрттар



Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

Әй, жігіттер



Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.
Бас ауырса бақсыларды
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырырсың.
Жын - бәлекет қашады деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен.
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір Тәңірге көп налырсың.
Жарым сондай болса екен деп,
Көрінгенге көз саларсың.
Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.
Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.
Аны - мұны қармалап,
Және біреуді аларсың.
Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.

Ананың сүюі



Ыбырай Алтынсарин

Қарға мен түлкі

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.

«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.


Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.

. Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен
Кете бар, кессе басың шындықпеген!
Қорек тап бейнеттен де Тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдылықпеген!
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде!
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір Тәңріңнен күдер үзбе!

Бұл кім?

Ыбырай Алтынсарин

Бұл кім?
«Бала, бала, бала» деп,


Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан.
Суық болса жөргегің,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Изені көлдей шалқытқан.
Қолына қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.

Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері

Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,


Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа!
Злиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына!

Ыбырай Алтынсарин
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.


Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан - алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін бе?
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісіне...

«Үміт еткен көзімнің нұры балам ...»

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жəрдем берсін құдайтағалам;

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп сəлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл берсең басыларсың;

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?  
Оразаның түбіне мақсым жетер,

Азған елдің түбіне тақсыр жетер.

Əділдіктен хан тайса наным кетер,

Жылай-жылай жарлының малы кетер.

Ай, тақсыр, бұл дүние өтер-кетер,

Мал иесі де артыңнан қуып жетер.

Жарлылар да бір табар əділ қазы,

Таразылы күн болса арыз етер!..
Ыбырай Алтынсарин

Кел, балалар, оқылық

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.. Т

ілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар.

Кел балалар, оқылық

Ата - енең картайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата - енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.

Жаз

Сөуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Үшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нүрдың буы.

Мұғалім:Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.



Ыбырай Алтынсариннің Әнгімелері

Ыбырай Алтынсарин (Полкан деген ит)
Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым: — Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайынды берер, — деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады.. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты: — Көрдің бе, анау Полканның сенен көрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, — деді.
Ыбырай Алтынсарин Жомарт: Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды. Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді.
Бала мен әке: Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

Бай мен Жарлы
Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай: – Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi. Сонда әкiм: – Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? Көремін, өрмек тоқып жүр. Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет1. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай-Тағала бос жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.

Бақша ағаштары

 Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас
Аурудан - аяған күштірек:Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:

Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? — деп сұрады.

Сейіт, шешесі шығып кеткен соң демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:

— Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, — деді.



Таза бұлақ

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.



Асыл шөп

ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.



Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты: - Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің? - Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима. - Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха - Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен. Мұғалім:Ы.Алтынсаринге қатысты жұмбақ жайттар.

Деректерге сүйенсек Ыбырай жастайынан орысша білім алып,орыс адамдарымен арласуы және ортасына сай орысша кейінуі кейбір надандарға өзі ұнатпайтын дүмше молдаларға шаншудай қадалады.Осы орайда Ыбырайды аяғынан шалғандар көп болады және де оған «шоқынды» деп жала жабады,Ыбырай қайтыс болғанда үйінен бір сандық крест шықты деп дүмше молдалар лақап таратады,алайда ол М.Әуезов айтуында бір сандық қағаз болып шығады.



Сонау қазақ даласында қоңырау үнін күбірлетіп,бізге білімнің көзін ашып кеткен Ыбырай атамызға құрмет қылайық, оқиық,ізденейік, осындай ұлы ағартушымызбен мақтанайық.

Құмжарған орта мектебі
Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық....”

Ыбрай Алтынсарин атындағы топпен сынып аралық жиын



Аға тәлімгер: Қалбаеыа А


2017-2018 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет