Топтарды құру тәсілдері Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде топтарды құруға ерекше көңіл аударған жөн. Жалпы жұмыстың табыстылығы топтың қаншалықты дұрыс әрі сәтті құрылуына байланысты болады. Топтың көлемі алуан түрлі, жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты ол 3-тен 6-ға дейін өзгереді, бұдан үлкен топтарда топтың барлық мүшелерінің белсенді жұмысы қамтамасыз етілмейді . .
Қалауы бойынша топ. Қатысушылар топты өздері құрады, бірақ мұндай жұмыстың нәтижесін болжау киын. Мундай топтарда психологиялық сәйкестік жоқ, байланыс жақсы, бірақ топтардың күш шамасы және толықтығы әртүрлі.
Кездейсоқ топ. Қатысушылар осы жұмыс үшін ғана бірігеді. Мұндай топтардың сәйкессіздігі дау- Дамайга әкелуі және жұмысты мүлдем іске алғысыз етуі мүмкін. Түс, сан және т.б бойынша Көшбасшы қалыптастырған топ. Топ құрамы бір текті, өйткені көшбасшы белгілі нәтижеге қол жеткізуге қабілеттілерді таңдайды.
Сабақтағы оқушылардың топтық жұмысының кезеңдері: -Оқушылардың топтық тапсырманы орындауға алдын-ала дайындығы (оқу міндеттерін қою,мұғалімнің қысқа нұсқаулығы, дидактикалық материалдар). -Топта оқу тапсырмасын орындау жоспарын талқылау және құру (бағдарлау жұмысы),міндеттемелерді бөлу. Топ мүшелерінің саны жасына және орындалатын тапсырмаға байланысты. Бастауыш мектеп үшін - бул 4-5 адам, негізгі мектеп үшін 5-6 адам, жоғарғы мектеп үшін 5-8 адам. Оқушыларды топтарға қалай біріктіруге болады? 1) Бірінші кезеңде мұғалім оқушыларды әрбір топта мықты оқушылар болатындай орналастырады.Топтағы рольдерді мұғалім өзі бөледі. 2) Мұғалім ұйымдастырушыны тағайындай отырып, топтарга бөледі. Ұйымдастырушы рольдерді бөледі, талқылау барысының дұрыстығын қадағалайды. 3) Мұғалім қабілеттірек оқушылар қатарынан әрбір топ үшін көшбасшы тағайындайды, ал көшбасшылар кезекпен бір қатысушыдан таңдайды, осылайша өз араларында мықтылар мен әлсіздерді тең бөледі. 4) Әртүрлі ашық хаттар мен қағаз парақтарын бөліктерге қию және оқушыларга кез-келген бөлігін тартуды ұсынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |