Тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету



бет4/7
Дата02.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#8509
1   2   3   4   5   6   7


8- сынып№15сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюға арналған құралдарды жұмысқа дайындау. (теория) Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен материалдарды қайталау.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;

екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

- бұйымдарды бояу, оған әр беру;

- боялған бұйымдарды тазалау, лактау.



Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

8-сынып №16сабақ

Сабақтың тақырыбы: Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу

Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс

жасау қабілетін дамыту

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірме – практикалық

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері

Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері

Құралдары: Ағаш өңдеу құралдары, арнаулы пышақ

Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев Қызылорда 2006 ж

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққа дайындық жүргізу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушы назарын сабаққа аудару

II Үй тапсырмасын тексеру

Қашаумен өрнек ою

«Өзіндік бағалау» әдісі:

Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?

Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау)

«Тізбектей сұрау» әдісі:

Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

III Үй тапсырмасын бекіту

Қауіпсіздік ережелерін сұрау

Жедел турнир сұрақтары

IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ

Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру

Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.

Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.

Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі – өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.

Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:

1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою

2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою

3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою

Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1,5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады.

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.

2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.

3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла

4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.

5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.

6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.

7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.

8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.

9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.

10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.

11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе

Сергіту сәті

Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Практикалық сабаққа дайындық:

Жұмыс киімін кию

Арнаулы пышақты тарату

Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру

Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау

- өрнектерді кесу

- бұйымдарды бояу, оған әр беру

- боялған бұйымды тазалау

- бұйымды лактау

V Жаңа сабақты бекіту

«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:

Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау

VII Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы не бұйым жасауы мүмкін.

8- сынып№16сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюға арналған құралдармен жұмыс кезіндегі басты тәсілдер.

Білім: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Кәсіби шығармашылық бағытқа жетелей отырып,еңбекті өз бетінше жасауға, іскерлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,практикалық іс-әрекетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар, интерактивті тақта, аралар, плакат

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасы:Құжаттық сызба.Үлестірме қаңаз арқылы үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

1)Ағаш өңдейтін құрал-саймандар ,2)Ағашты сүргілеу.

1.Ағашты кесуге арналған құрал

а) сүргі,ә)ара ,б)бұрғы

2. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа

қабаты алынып тасталады.Оны не деп атаймыз.

а) қалдық,ә) үгінді ,б) жоңқа

3. Пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келетін құрал

а)шерхебель, ә) фуганок ,б)сүргі

4. Ағаштардың бетін тегістеуге арналған

а)бұрғы ,ә) шапқы,б)сүргі

5. Сүргіленген бұйымның сапасын қандай құралмен тексереміз

а)сызғыш, бұрыштама ,ә) бұрыш үлгісі, өлшегіш ,б) малка, сызғыш

6. Жалпақ ағаш беттерін тазалап, тегістеу үшін қажетті аспап

а)сүргі,ә) фуганок ,б)шерхебель

7. Сүргілеу кезінде оң аяғыңды сол аяқтан алшақтатып

ұстау үшін неше см болуы керек.

а) 65 -70 см,ә) 50 -60 см,б)75 -80 cм

8. Фуганоктың ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда

неше есе үлкен.

1,2,3


9. Араның қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады.

Оларды не деп атайды

а) төсем,ә) болат,б) дайындама

10. Араның тістері неше түрлі қызмет атқарады.

1,2,3

2)Математикалық ойын.Шеңбер бойындағы санын тергенде шеберханадағы жеті құралдың аты шығады.



I.2,4,2 ара

II.1,2,5,10,2 балға

III.7,9,37,3 егеу

IV.8,2,12,14,16 қайшы

V.17,13,4,9,11 сүргі

VI.1,6,4,10,16 бұрғы

VII.14,2,15,8,16 шапқы

8- сынып№17сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрт ж-е еңбек қ/е. Жұмыс орнын ұйымдастырудағы талаптар. (теория)

Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек

көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын

пайдалануды есепке алу журналы.

Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы

дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

қамтылуы: Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру

ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет

ережелерімен таныстыру.

2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

- қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.



5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

8- сынып№18сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет