Тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету



бет5/7
Дата02.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#8509
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған бұйымдар беттеріне өң беру арқылы әшекейлеу әдістері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен материалдарды қайталау.

А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.

Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?

В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?

3. Жаңа сабақ. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.

Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.

Слайдтардан алған мәліметтерге сүйене отырып сабағымызды жалғастырайық.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;

екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

- бұйымдарды бояу, оған әр беру;

- боялған бұйымдарды тазалау, лактау.

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

10. Қорытынды.

«Үтір» (қайырма), «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!

Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды көрмеге алу.



Үйге тапсырма: дайындаған ою-өрнекті көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы»

8 сынып №19сабақ

Сабақтың тақырыбы: Зергелік ж/е ұсталық өнердің тарихы. (теория)

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ежелден пайдаланып

келе жатқан қолөнер олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімін нығайту.

Дамытушылық: Қолданыстағы заттардың пайдасын,

қоғамдағы ролін терең зерттеу. Оқушыны ой

– толғанысқа үйрету.

Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра

отырып, оқушылардың шығармашылыққа,

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет – ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт – санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.

Зергерлік өнерінің ұлттық мәдениетімізде тарихи орны ерекше болумен қатар, бір жағынан халқымыздың материалдық мәдениетінің дәрежесін көрсетсе, екінші жағынан – рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын білдіреді

VI – IX ғасырдың бірінші жартысы арасындағы уақытта (орта ғасырларға дейінгі дәуір) Қазақстанның кең байтақ аумағында ежелден кәсіптік мәдениет дамуының ірі тарихи – мәдени орталықтар болған. Оңтүстік Қазақстан, және Жетісу өңірі солардың бірі болып табылады. Бұл аймақтың ішіне Орта Азия және Орталық Қазақстан, Орал, Сібір аумағы кірген

«Ақ ұста» – «қара ұстаның» істейтін жұмыстарын түгел меңгерген, әр түрлі қымбат бағалы (алтын, күміс т.б.) металдар мен асыл тастардан сан -алуан нәзік, көркем бұйымдар жасайтын қолы қарықты, шебер адам. Кезінде «ақ ұста» кейін «зергер» деп аталып кеткен ұсталар тобы көбінесе алтын, күміс сияқты қымбат бағалы металдар мен тастарды қолданып, өте нәзік зергерлік бұйымдарды әзірлеген. [6. 91б].

Зергерлерлердің соғатын заттарының түрлері көп болған. Оған күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар, әйелдердің әшекейлері, сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш, сондай – ақ, киім – кешекке тағатын сәндік бұйымдары, ас- су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою – өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс –аяқ, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару – жарақтар, ат – тұрман әбзелдері, ерлерге арналған – кемер белбеу, кісе, ер

тұрмандардың күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісін, үй жиһаздары мен ыдыс – аяқ бетіне орнатылатын күмістелген әшекейлеумен бірге қару – жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысты

Енді зер сөзінің этимологиясына назар аударайық: зер сөзі 1. Әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес қымбат металл. Зер қадірін зергер біледі. (Мақал); 2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан тоқылған қымбат мата, кесте, оқа. 3. Зер талшықтарынан алынған жылтыр жіп. 4. Зермен безендірілген ою, өрнек, әшекей. Зер белбеу, зер шашақ, зер жіп сияқты.Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. [7.272]

Әсіресе, зергерлік бұйымдардың ішінде қазақтың қыз – келіншек, әйелдердің тағынатын әшекейлерінің орны ерекше.

1. Бас киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;

2. Шашқа тағылатын зергерлік әшекейлер;

3. Сырт киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;

4. Бойға тағылатын зергерлік әшекейлер;



5. Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер, – деп беске бөлген. [11. 272

8- сынып №20сабақ

Сабақтың тақырыбы: Темір бұйымдарды өңдеу технологиясы. (теория)

Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу

Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері

Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, темір бөлшектері

Құралдары: Ағаш балға, балға

Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, Д.Шоқпарұлы «Қазақ халқының қол өнері»

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққа дайындық жүргізу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушы назарын сабаққа аудару

II Үй тапсырмасын тексеру

Сым темірді өңдеу

1. Топтастыру әдісі бойынша сым темірден қандай бұйым жасауға болатындығын сұрау

Топтастыру әдісі:

Сымнан жасалатын бұйымдар

2. Сымнан немесе жұқа қаңылтырды тілу арқылы жасаған бұйымдарын тексеру

3. Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау

III Үй тапсырмасын бекіту

Үлестірмелі карточкалар

IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ

Металды көркемдеп өңдеу

Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.

Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.

Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.

Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.

Металды түзету

Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.

Жолақ металды түзету әдісі:

1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.

2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.

Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелер

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.

2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.

3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр

4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама

5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.

6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.

7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.

8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.

9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.

V Жаңа сабақты бекіту

VI Бағалау

VII Үйге тапсырма беру

Қаңылтырдан білезік жасау және оның бетін бедерлеу

8- сынып№21сабақ

Сабақтың тақырыбы: Металды бұрғылау,тесу. Бұйымдар әзірлеу.(практика)

Сабақтың міндеттері:

а) білімділігі: оқушыларға бұрғылау жұмыстары жөнінде кең көлемде ұғым беру. Таль арқандарының түрлерін үйрету.

б) тәрбиелілігі: оқушыларды бұрғылау жұмыстарымен таныстыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

в) дамытушылығы: сызбанұсқамен жұмыс істеу барысында сөйлей білу, таль арқандарының түрлерімен таныстырып, қолданыста пайдаланылуын үйрету

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

Аудитория тазалын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тақырып: «Таль жүйесі»

Үй тапсырмасы:

Карточкамен жұмыс арқылы 4 оқушыдан сұралады.

1) Суды жуу сұйығы ретінде пайдалану үшін З негізгі шарт болуы қажет. Ол қандай шарт?

2) Қазіргі кезде бұрғылау өндірістерінде мұнай ерітінділерінің 2 түрі қолданылады. Ол қандай?

3) Бұрғылдау ерітіндісінің бұрғылау кезіндегі негізгі функциясы нешеге бөлінеді?

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, үйге берілген тапсырманы сұрау мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдалана отырып, мына сұрақтарды топқа қою.

а) Кронблок дегеніміз не? Атқаратын қызметі қандай? Мұнараның қай жерінде орналасады?

ә) Бұрғылау қондырғыларының көтеру жиынтығы дегеніміз не?

б) Бұрғылау тізбегі дегеніміз не?

в) Бұрғылау шығыры дегеніміз не?

г) Таль жүйесі дегеніміз не?



д) Мұнара дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет