Тақырыбы: «Дебат» клубын мектепте ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану Дебат клубының мақсаты


Жобаны іске асыру нәтижесінде балалар мен жастардың жеке қасиеттері мен құзыреттерін дамыту күтілуде



бет2/2
Дата10.04.2023
өлшемі19,56 Kb.
#174120
1   2
Байланысты:
дебат (Автосохраненный)
Айтжанова Э.Н. Тест БОПӘ тарбие жумысы 1к 2ж , ЛЯЗЗАТ Ustudy - 2020 ТЕСТ педагогика, Педагог.90% осыдан келеді -1
Жобаны іске асыру нәтижесінде балалар мен жастардың жеке қасиеттері мен құзыреттерін дамыту күтілуде:

  • оқушылар бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін дамыту;

  • зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану арқылы біліктілігін қалыптастыру;

- білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту.
Формат құрылымы
Карлл Поппер, Линкольн Дугос, Британдық, АМЕРИКАНДЫҚ ПАРЛАМЕНТТІК ФОРМАТ ҚҰНДЫЛЫҚ :
1. Қарар - (Пікірсайыс ойынына берілген тақырып)
2. Дефиниция – (Қарардағы негізгі сөздердің мағынасын ашу)
3. Философия – (Ойында ұстанатын негізгі идея: Мақал-мәтел, цитата т.с.с)
4. Status quo – (Қалыптасқан жағдайдағы өзекті мәселелерді көрсетеді)
5. Аргумент - (Негізгі идеяны ашатын маңызды ойлар)
6. Факт – ( Аргументті негіздейтін дәлелдер)

ПІКІРСАЙЫС ТЕРМИНДЕРІ:


1. Спикер – ойынды жүргізетін адам
2. Тайм-кипер – уақыт төрешісі
3. Форум – көрермендер қауымы
4. Фракция – топ
СҰРАҚ ҚОЮ ЭТИКАСЫ:
1. Бастапқы және соңғы 1 минутта сұрақ қойылмайды.
2. Ойын барысында бірінші және үшінші сұраққа жауап беру міндетті, әр сұрақтың арасы 30 секунд.
Ескерту түрлері
1. Жеке басқа қолсұғушылық;
2. Уақыт лимиті;
3. Сараптама бөлімінде жаңа ой енгізу
4. Труизм (дін аясындағы сөздермен сөйлеуді шектеу)
P.S. Құрметті төреші .......
СПИКЕРЛЕРДІҢ СӨЗ СӨЙЛЕУ УАҚЫТЫ МЕН КЕЗЕКТЕРІ:
Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК) 4 минут
Оппозиция лидерінің конструктивті сөзі (ОЛК) 5 минут
Үкімет мүшесінің конструктивті сөзі (ҮМК) 5 минут
Оппозиция мүшесінің конструктивті сөзі (ОМК) 5минут
Парламенттен шығып сөйлеу 1 минут
Оппозиция лидерінің сараптамасы (ОЛС) 4 минут
Премьер-министр сараптамасы (ПМС) 5минут
Пікірсайысшыларды бағалау критерилері
Төреші назар аударады ойыншыны бағалағанда
O Білімі
O Логикасы
O Сөз жүйелігі
O Стиль
O Шешендік
O Кейс құрылымы, формат
O Идея
O Тақырып ашылуы
O Дәлел, дерек
O Сараптама
O Қарсылық
Бағалау шкаласы
O 16 дан төмен – сенімсіз, көп шатасады, дөрекі
O 18-20 идея мен сараптама жасауда қателіктер, уақыт лимитін пайдалана алмады
O 20-21 спикер жоғарыда көрсетілген пункттерге сай емес
O 23-24 қабылдауға болатын сөз
O 25- спикер сөздеріне сенімді, кейбір жерде жарық етіп көрінді
O 26- өте жақсы ұсыну мен түсіндіруінде айтарлықтай қате жоқ (10 үздік спикер қатарына қосылуы мүмкін)
O 27-тамаша сөз, керемет презентация (3 үздің спикер)
O 28 турнирдің ең керемет сөзі (ең үздік спикер)
O 29-сіздің өміріңіздегі ең тамаша сөз O 30-адамзат тарихындағы ең керемет сөз Төреші құзыреттілігі
O Позиция төреші көзінше таңдалуы керек
O Төреші келгенше таңдаған позиция жарамсыз
O Аудиторияға кірген соң шығуға рұқсат етілмейді O Ойын барысында телефон қолданылмайды
O АПФ- те ойыншыларға ешкім көмектесе алмайды
O Дезинформация дәлел ретінде тек қағаз және дереккөзі нақты алынған фактілер ғана есептеледі
Жалпы ойын ережелері
O 10 минут кешіксе БТ (бас төреші) хабарлау
O Ескертпестен 15 минут кешіккен команда тағдырын төреші шешеді
O Соңғы 30 секунтта кейс қабылданбайды
O Бірінші және үшінші сұрақ міндетті
O Мәдениеттілік сақтау, бір рет осы пункт бойынша ескерту алған топ тағдырын төреші шешеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет