Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет68/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2.Салауатты өмір сүрудің негізгі әдістері қандай?
3.Профилактика деген не?
4.Профилактиканың қандай түрлері бар?


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық – медициналық тексерулерден өткізу.
Скрининг термині «screening» - електен өткізу атты ағылшын сөзінен пайда болған. Бірақ оның «қорғау» және «жағымсыз бір нәрседен қорғау» атты басқа да мағыналары бар. Нақ осы түсініктемесі «скринингтік зерттеулер» атты медициналық терминнің туындауына негіз болған.
«Скрининг» ұғымы әлі белгілері пайда болмай тұрып, әр түрлі зерттеулерді негізгі ала отырып, оларды анықтау және алдын алу дегенді білдіреді.
Скринингтік бағдарламалар белгілі бір елдің немесе өңірдің ауру-сырқаулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткіштеріне сай жүргізілуі керек.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жұмысын бастады. Соған сәйкес бұл бағдарламада алдын алу шаралары, скринингтік зерттеулер, әлеуметтік маңызы зор ауруларды анықтау үшін ерте қаралу, емдеу және қалпына келтіру сияқты жұмыстарға баса назар аударту мақсаты қойылған. Аталмыш мемлекеттік бағдарламада скринингтік бағдарламаларды енгізу және кеңейту жұмыстарына қаржы қарастырылған.
1. Қанның холестерині мен глюкозаны анықтау жолымен АГ, ЖИА, қант диабеті ауруларының алдын алу үшін ерте кезде скрининг зерттеулерін жүргізу (АМСК ұйымдарының дәрігерге дейінгі кабинеттері деңгейінде экспресс-диагностика жүргізу үшін құрал-жабдықтар мен тест жолақтарын сатып алуға ЦТТ көзделген).
2. Естудің туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын анықтау үшін ерте жастағы балаларға скрининг зерттеулерін жүргізу (босануға көмек көрсету ұйымдарын отоакустикалық эмиссия регистрациясының портативті құралдарымен жарақтандыру).
3. РАР-тест пайдалана отырып әйелдерді жатыр қуысының обырын анықтау үшін скрининг зерттеулерін жүргізу (сұйықтық цитология құралдарын кезең-кезеңімен сатып алу).
4. В және С гепатитін анықтауға мынадай мақсатты тәуекел топтарға скрининг жүргізу.
5. Глаукоманыертекездеанықтауүшінскрининг жүргізу.
6. 40 жастанжоғарыадамдардақантдиабетінанықтаускрнингі.
7. 2011 жылы алғаш рет колоректальды обырды анықтау бойынша скринингтік бағдарлама іске қосылмақ.
Скринингтікзерттеулераурулардыертеанықтаудыңнегізгіалғышарттарыныңбіріекендігідәлелденген.
Скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу сатысы екі кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезеңде 025-08/е нысанын толтыру; антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле индексін есептеу; скрининг-тест бойынша сұрату жүргізу);
2) екінші кезеңде жүрек-қантамыр қаупін анықтау және бұдан әрі скрининг жүргізетін адамды одан әрі емдеп-қарау Тексеріп-қарау нәтижелерін және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне жіберу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет