Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген елбасы! Тобы: сжд-101, сад -101 Жауапты оқытушы: Сарина К. А максутова К. М



Дата05.11.2016
өлшемі56,44 Kb.
#875
Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ!

 

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ!



Тобы: СЖД-101, САД -101

Жауапты оқытушы: Сарина К.А

Максутова К.М

Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Елбасы суреттері, сандар, көрме

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Барысы:

Елім менің аңсаған (бейнебаян)

І. Айбек: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

Аманкүл:

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,


Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

ІІ. «Сандар сөйлейді»

6          9      1989     1990   1991    3   1

6 – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

9 – 9 жыл. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1989 – 1989-1991 жылдары Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы.

1990 – 1990 жылдың сәуірінен  — Қазақстан Республикасының президенті.

1991 – 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

3 – 3 қызы бар. Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – бизнеспен айналысады.

1  - Бірінші президент

 ІІІ. Президент өмірбаянынан мағлұмат.



Мақсат: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген. Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Әбілқайыр: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Ержан Егинбаев: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Асхат: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» фильмытуралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға былтыр шықты. Оны сендер тамашаладыңдар. «Темір тау» және «Отты өзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.

(Елбасы сұхбатынан үзінді.)

Айдар:

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Еламан:

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

 Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

 Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

Айбек: Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні.

Сіздердің алдарыңызға тобымыздың студенттері Ержан, Жангелді, Әбілқайырды шақырамыз.

Төлеген:

Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.


Манас:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын


ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.

  • «Жақсыдан бақ қалады»

  • «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»

  • «Тәрбие ошағы – мектеп»

  • «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»

  • «Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»

  • «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»

Ү. ЕХРО-2017 ( құпия сөз)

Дидар:

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен! 

ҮІ. Қорытынды:

1.Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?


Қорытынды бүгінгі кешіміздің қонағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Комарова А.К сөз береміз

(Сабақты Елбасы туралы әнмен аяқтау)

Сау болыңыздар!



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет