Ар – намысты қорғау – аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Ар – ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет.
Борыш сезімі. Бұл – қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны орындауға ар – ұят атты ерекше әсер көмектеседі.
Ұжымдық, достық және жолдастық сезім. Мұндай сезім қоғамда кеңінен дамыған. Шынайы достық сезім мен үстірт, дос – жарлық пен өтірік достықта болатын әсерлерді шатастыруға болмайды. Кейбіреулер, дос болу деген – адамның айтқанына жүру, оның ойлаған тілектерін, тіпті ол тілектері моральға жат бола тұрса да орындау деп есептейді.
1) Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік – адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.
2)Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.
3) Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т. б. сезімдер жатады.
Осымен дәріс аяқталды, бәрі түсінікті ме? Түсінбеген жерлері болса, сұраңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |