ІІ. Жаңа сабақ:
Иллюстрация- түрлі – түсті бояумен салынады , латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.
Эпостық жырлар.
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді.
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:
1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;
2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «Қозы Көрпеш — Баянсұлу», т.б.;
3) Ногайлы дәуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.;
4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.;
5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
Қобыланды Батыр жыры
Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету.
«Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылған.
Ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар.
Қобыланды Батыр ескерткіші
Қызылорда қаласы
Тарихтың көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы міндет — Қобыландының жорығы. Батырлық сапары тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, соны тексеріп қарау. Елдің есінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру.
Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. К,азан хандығының астанасы болған бүгінгі Еділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді. Қобыланды аттанып барған Қазан екі қала екен дейді, бірі — сырлы Қазан, бірі — қара Қазан.
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры.
Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ.
Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді
Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едігебатырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты
ІІІ. Сергіту сәті
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Қобыланды батырдың бейнесінің суретін салу
Қобыланды - ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айдыны болған батыр. Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.
Ү. Сабақты бекіту: Ассоциацияны аяқтау;
Иллюстрация
Достарыңызбен бөлісу: |