Тақырыбы: «Ғылым әлеміне саяхат» кеші. Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі102,59 Kb.
#41883
«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

«Ғылым әлеміне саяхат»

Математика-информатикалық кеш

Орындағандар: Қаржауов С.

Жұбаниязова М.


2016 жыл

Тақырыбы: «Ғылым әлеміне саяхат» кеші.
Мақсаты: Пәндерге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын дәріптеп құрметтеуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ғылым әлеміне саяхат» атты математика-информатикалық кешімізге қош келдіңіздер!

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Математика мен Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.



2-жүргізуші: «Математика мен Информатика» ғылымдарының тарихы туралы баяндама.

1-жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика Информатика
Кешімізді бастаймыз.
Бүгінгі кешіміз еркін форматта өтетін болады. Ғылым әлеміне саяхат барысында мынадай аялдамаларға тоқтайтын боламыз:

  1. 5 мақал, 5 жұмбақ;

  2. Сандарт сыр айтады;

  3. Крокодил ойыны;

  4. Зерек зерде;

  5. Логикалық 1 есеп.


Бес жұмбақ:


  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
    Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)




  1. Биологияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды ол өлшер.      (бит)



  1. Шекер жейтін ақ құтан
    Бір қазыққа байланды
    Аузына тістеп шекерін,
    Ол қазықты айналды (циркуль)



  1. Төртбұрышты әйнек, 
    Тұнып тұрған әлек.        (монитор)



  1. Алды артымыз шексіз де
    Жете алмайсың біздерге.
    Сәуле менен кесінді
    Шыққан тегін білсе де. (түзу)

Бес мақал:

  1. Компьютер тіршілік көзі                         (Су тіршілік көзі)

  2. Жүздік ондықтан құралады (Теңге тиыннан құралады)

  3. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

  4. Жүз жай сан болғанша, Бір құрама сан болсын (Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын)

  5. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды        (Досы күштіні - жау алмайды)               


Есембетқызы Жайдарының орындауында «Басты өлең» әні

Сандар сыр айтады

Санамақ Ақжүніс, Нұргүл, Бақытжан

Бір дегенім- бесік

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім –елім

Жерім, тауым, көлім.

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім- төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім -бақыт

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім -ақыл

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім- жалау

Жүректегі жалау.

Сегіз дегенім- сөзім

Серт беретін өзім.

Тоғыз дегенім- тоқтау

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім -Отан

Қорға соны, Ботам!





Қасиетті сандар: 3, 7

3 дана: Абай, Ыбырай, Шоқан

3 бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин

3 арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі

7 жоқ: 1.жерде өлшеу жоқ

2.аспанда тіреуіш жоқ

3.таста тамыр жоқ

4.тасбақада талақ жоқ

5. Аллада бауыр жоқ

6. құста сұт жоқ

7.жылқыда өт жоқ.

7 қазына: 1.ержігіт 2.сұлу әйел 3. ілім-білім 4.жүйрік ат 5.құмай тазы 6.қыран бүркіт 7.берен мылтық.

7 керемет: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Олимпиадағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы,  Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, Александрия шамшырағы

Инабат Бірғаным «Ей, Өмір» қара өлең

Крокодил ойыны

Оқушылар 2 топқа бөлініп, бір-біріне сөздер жасыру арқылы (Принтер, Сканер, Доға, Транспортир, Циркуль, Жүйелік блок) ойын ойнайды.

Зерек зерде

  1. Ребус

  2. Сөзжұмбақ

Сұрақтары:

  1. Қағаз шығаруға арналған құралдың атауы? (принтер)

  2. Басталу нүктесі бар және нүктенің бір жағына қарай шексіз созылатын түзудің бөлігі қалай аталады? (сәуле)

  3. Санауда қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал)

  4. 7 санына 7; 14; 21; 28; 35 сандары не? (еселік)

  5. Интернетті қазақша қалай атаймыз? (ғаламтор)

  6. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)

  7. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі қалай аталады? (кесінді)

  8. Компьютердің қозғалтуға арналған құралы қалай аталады? (меңзер)

  9. Компьютерде деректерді сақтау үшін қажет құрылғы (жады)

  10. 8 санына 1; 2; 4; 8 сандары не? (бөлгіш)

  11. Адам қай мүшесі арқылы көп ақпарат алады? (көру)

Логикалық 1 есеп

  1. Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген /Ердос/



  1. Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансың

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың /Нұркен/


  1. Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім, оларды айтып бермек үшін. /Бақытжан/


  1. Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды. /Данияр/


  1. Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған



Аға, Әпкелеріміз. /Жалғас/
Әнмен билеп аяқтау (5-сыныптың орындауында Буратино әуені).




Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Желі тартып жолдармен
Жылдам хабар алғызған
Ма-те-ма-тик, математик
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Ин-фор-ма-тик информатик
Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектер астықты
Комбайнмен бастырған
Ойлап тауып жолдарын
Артық берген жоспардан
Ма-те-ма-тик, математик
Ин-фор-ма-тик информатик

Каталог: uploads -> doc -> 0a1b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a1b -> Сабақтың тақырыбы : Сансызбай Сарғасқаев. «Тәмпіш қара»
0a1b -> 1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал
0a1b -> Орта мерзімді жоспар «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды» № мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында Пән мұғалімі
0a1b -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет