Тақырыбы: Инфографика және оның тегін жасау сервистері



Дата19.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#132481
Байланысты:
Джакашов Данияр Мок201 цто срс (1)

Инфографика және оның тегін жасау сервистері

Орындаған:Джакашов Данияр МОК-201


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика,физика және информатика институты

Инфографиканың пайда болу тарихы

Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Today газетінің баспагерлері қолдана бастады. Осының арқасында газет ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігінің қатарына енді.

Уақыт өткен сайын инфографика тек қана технология мен бизнес емес, сонымен қатар өнер екені де анықтала бастады. Сонымен бірге, осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысына тікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан «Эсквайр» және «Нью-Йоркер» сияқты журналдар инфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын бір журналист пен 3-4 дизайнерге тапсырады. Осылайша инфографика дүниеге келеді.

Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер

Visual.ly 

Piktochart

Infogr.am

ThingLink

Cacoo

1

Infogr.am

Infogr.am – бұл латвиялық Улдис Лейтерс пен Раймондс Кейз атты екі журналистің құрған компаниясы. Негізгі мақсаты — журналистерге кәсіби дизайнерлердің көмегінсіз инфографикалар жасауға қол ұшын беру

Аталған платформаның көмегімен кез келген мәліметтерден график жасауға болады. Ол үшін сізге алдымен тіркелу керек. Одан кейін сіздің алдыңызға үш түрлі нұсқа беріледі: график жасау, дайын жұмыстарды қарау немесе ақылы нұсқасын сатып алу.

2

Cacoo

Cacoo — 2007 жылы nulab.Inc. компаниясының шығарған сервис. Жұмыс жасап болған соң тек жүктеп қана қоймай, Adobe Illustrator сынды редакторларда өңдеуге мүмкіндік береді. Cacoo онлайн схемалар мен диаграммалар жасауға арналған қарапайым сервис. Ол қарапайым функциялардан бөлек қосымша модульдер мен күрделі схема, диаграммалар жасауға да көмектеседі.

Ең алдымен, сізге тіркелу қажет. Интерфейс орыс тілінде де ашылады. Жүйелік қаріптер мен кирилл әріптерін қолдайды. Аталған сервис топтық жұмыс үшін өте қолайлы. Шығармашылық процеске қатысушыларға өзгеріс енгізуге рұқсат беріп қойсаңыз болғаны. Біріңізді біріңіз толықтырып, нағыз бірлескен жоба жасап шығатын боласыздар. Нәтижесін жариялауға немесе сақтау алуға болады. Тегін нұсқасында сіз 25 бетті сақтап ала аласыз. Бірақ, векторлық форматта жүктей алмайсыз. Бұл сервисте бейнероликтер қосуға мүмкіндік жоқ.

3

Piktochart сервисі

Piktochart — енгізілген мәліметтер негізінде инфографика мен презентацияларға арналған схемалар жасауға арналған онлайн құрал. Бұль сервистің өзінің схемалар мен түстер редакторы бар. Қаріптер түрі өте көп және сурет жүктеуге мүмкіндік бар.

Тегін нұсқасында үш базалық шаблон беріледі. Ал, қалған шаблондармен жұмыс жасағыңыз келсе, айына 29 доллар немесе жылына 169 доллар төлеуіңіз қажет болады.

4

Visual.ly сервисі

Visual.ly — 2011 жылы жұмысын бастаған инфографика жасауға арналған платформа. Дайын болған жұмысыңызды әлеуметтік желілерге жариялай аласыз. Аталған сервисті тек энтузиазмы тасып, жасап көрейін дегендер ғана емес, кәсіби дизайнерлер де қолданады. Осы сервистің көмегімен белгілі компаниялар да біраз инфографикаларды дүниеге әкелген.

5

ThingLink сервисі

Thinglink– интерактив суреттер жасауға арналған сервис. Яғни, қарапайым суретті интерактив нысанға айналдырады. Бұл үшін сіз видео, аудио не суреттерге түрлі белгілер салып қоясыз. Дайын жұмысты сайтқа, блогқа орналастыруға болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет