Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру.
Денсаулық сақтау технологияларының мәні салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудан, денсаулықта болатын өзгерістерді болжаудан және соған сәйкес педагогикалық-психологиялық, түзету және сауықтыру шараларын өткізуден тұрады.
Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады:
- жас ерекшеліктерін ескеру;
- жүйелілік пен бірізділік;
- қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді);
Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді түрде кіріктіріледі: мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы «Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тыныс алу аппаратын нығайтады. Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары – бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы. Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз. Сауықтыру педагогикасы үшін негізге алынатын артықшылар төмендегідей:
Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді норма.
Сауықтыру – емдеу-профилактикалық өлшемдердің жиынтығы емес, керісінде балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму формасы.
Индивидуалды-дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру-дамыту жұмыстарының негізгі құралы.
Назарларыңызға рахмет!