Тақырыбы: Қышқылдар, құрамы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. Индикаторлар.Қышқыл жаңбырлар туралы түсінік. Мақсат =күтілетін нәтиже



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі166,5 Kb.
#93157
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
1 сабақ жоспары

Білу, түсіну, қолдану:

  • «қышқылдар» түсінігіне түсіндірме береді

  • түсіндіреді (интерпретация жасайды) өз сөзімен түсіндіре алады

  • бірқатар проблемалық сұрақ қоя алады

Көбі:
Анализ:

  • көп сұрақтардың ішінен таба алады, проблемалық сипаттағы

  • қарапайым сұрақтардыкүрделіге айналдыра алады

Кейбірі: Күрделі заттардың тотығу дәрежелерін, валенттіліктерін анықтай алады.
Бағалау, синтез:
Проблемалық сұрақ құндылығын бағалай алады, оқушылардың СТО дамуына қаншалықты әсер ете алатынына аргумент айта алады.





уақыт

кезең
мақсат = күтілетін нәтиже

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті
Саралау

Әрекеттесу түрі

Бағалау

Сұрақтар

Ресурстар

1

00 - 02

Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасады

мұғалімменмен амандасады

барлығы

ФБ







Кезең: Шақыру

2




«Проблемалық сұрақ» ұғымымен жұмыс. Топтардағы жұмыс










Мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісі арқала сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасаймын. Қолымдағы жіпті бір оқушыға лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұраймын

Сынып оқушылар шеңбер бойына тұрып жіпті бір- біріне лақтыру арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.










Мадақтау, ынталандыру, жұлдызша беру



02 - 05

1 Стратегия:
«Танысу» жаттығуы

Визитка жасап оған қышқылдардың аттарын жазамын. Бір визиткасына кеудесіне тағып, бүкіл сынып оның жеке қасиеттерін естерінде сақтайтындай өзін таныстырады. Ол үшін барлығы шеңбер құрады.Сөйтіп сол жағында отырған оқушыны таныстыра бастайды. Кім ұмытып қалса көмектесуге болады.

- тапсырма орындайды

Ж
ТЖ

ФБ




Визиткалар

05-07

2.Топқа бөлу

1,2,3 деп санатады

1,2,3 деп санайды
1+1+1,2+2+2, 3+3+3 топқа бөлінеді. Топ ережесін құру













07 - 10

Сабақ тақырыбы, мақсатымен танысу

Оқушылармен бірге талдай отыра сабақтың тақырыбымен танысады, сабаққа мақсат, күтілетін нәтиже анықталады. Бағалау жүйесімен таныстырады.







ФБ

1ғылым не дейді?

РР Слайд 1
1қосымша




10 - 20

« Мағынаны тану»

Топ мүшелеріне жұмыс дәптерін таратады.Тақырыпқа нұсқау бойынша тапсырма береді.
1- топ: Қышқылдардың жіктелуі, физикалық қасиеттері
2-топ: Алынуы, химиялық қасиеттері
3-топ Индикатор, қолданылуы

Берген тапсырманы әуелі жеке жұмыс дәптерінде орындайды. Содан кейін әр шағын топ жұптасып, топтасып пікірлесе отыра, өз ойларын еркін, дәл анық флипчартқа түсіріп, қорғайды.




ФБ


Кесте «ТБ Пирамидасы»
Оқулық, жұмыс дәптері, периодтық жүйе, флипчарт, түрлі-тісті маркерлер.

20-25 -

Ақылдың алты қалпағы

Қалпақтар таратады (Әр топқа екі -екіден)

Әр шағын топ жұптасып, топтасып пікірлесе отыра, қышқылдар туралы ойларын айтады.



ТЖ

ФБ




Қалпақтар



25 - 35

Электронды оқулықпен жұмыс

Интербелсенді тақтада индикаторлар, қышқылдардың химиялық қасиеттері туралы бейнежазба көрсетіп

- Шағын топтарға тапсырма беру



Барлығы







Әріптер жазылған карточкалар :
Е– есте сақтау
Т – түсіну
Қ – қолдану
А – анализ
Б– бағалау
Ж- жасау

30 - 40

Карточкамен жұмыс

Жұппен әр деңгейде берілген карточкамен жұмыс

Ынтымақтастықта орындайды

ТЖ

ФБ







Кезең: Түйсіну

3

40 -

Оқушылармен біріге отыра күтілген нәтиже талқыланады

Орындау жолын түсіндіреді
1.Басы: тақырып2.Жоғарғы қабырға сүйектері: Негізгі ұғымдар3.Төменгі қабырға сүйектері негізгі түсініктер 4.Құйрығы: қорытынды

Стикер жапсырады

Ж
ЖЖ







Балық суреті, стикерлер

Стадия: Рефлексия

4




Рефлексия



Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар толық орындалды ма?
Қай тапсырма қиындық келтірді?
Қай тапсырмадан ой туды?
Осы тақырып бойынша болашақта не білгің келеді?

Жұмыс дәптерлерінің айналасына кластер құрастырады.




ФБ




Жұмыс дәптерлері, кластерлер

5




Бағалау

Өзін-өзі, топ ішінде берген критерийлер бойынша бағалайды.

Дәптерлеріне баға қояды.




Дәптерлерімен алмасады




Бағалау парақшалары







Үйге тапсырма

Қышқыл жаңбырлар туралы ақпарат жинақтау.













































Ақ қалпақ- эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын ,жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.
Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.
Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық , пысықтау қалпағы.. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
Қатысушылар:

Ақ қалпақ
Бағытталған оқу әдісімен сұрақтарға негізделіп берілген мәтін, мәтіндегі қазақ тарихындағы ұлы тұлға Абылай ханның Қалдан Шерінмен кездесуінің ақиқаттылығы,оның өмір жолдары оның ерді тезге салар қиын сынағын мәтінге сүйеніп айтты. Абылайдың сұңғыла саясаткерлігі мен айлакерлігінің айқын сипатын жеткізе білді.
Сары қалпақ
Жау қолына абайсызда түскен ханның өзіне сенуі, оның өжеттігі мен өткірлігі, намысқойлығы пен жігерлілігі, шешендігі, асқан төзімділігі мен көрегендігін дәлеледеді. Тарихтың қайталанбас тұлғасының өнеге істерін жеткізе білді.
Қара қалпақ
Ханның абайсызда тұтқын болып, Абылайды жорықпен емес, қулықпен қолға түсіруі, жеті күн, жеті түн зынданда ұстаған өшпенділік әрекеті, оған басты себебі жау баласын соғыста мерт қылуын атап көрсетті және себебін түсіндіреді.

Жеті күн, жеті түн зынданда аш болса да, сыр бермеген төзімділігі, жау қылышынан қаймықпаған қайсарлығы, батылдықпен хан тағын иемденуі, ұстамдылығы, ашуға ақылмен әрекет жасауын т.б. құбылысты сәттерді айтып өтті.

Коучингке қатысушылар оқиғаны жан- жақты сипаттап,Абылай ханның ерлігі,батылдығы туралы өлең шығарды.Мәселені, оқиғаны басқаша қарауға жұмыстанды.. 

Көк қалпақтылар өзге қалпақтардың айтқандарын тыңдай отырып, Абылайдың қазақ тарихындағы орнымен қатар,әр топтың жұмысына баға берді. Барлық ойға,идеяларды бағалап,қорытынды жасады


«Алты ойшыл қалпақ» әдісі
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс.

  1. Әркім ойлану керек және ойларын айтады;

  2. ойлау дағдысының дамуының бірі;

  3. Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;

  4. Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;

  5. Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;

  6. Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;

  7. Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.

Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:

  1. Эмоциалар;

  2. Шарасыздық;

  3. Түсінбестік.

Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады.

Алты қалпақты қолдану жоспары


1. Әдіс принциптері мен қолдануды үйрену, бұл ережелерді есте сақтап, пайдалануды үйренуге және оларды саналы түрде тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
2. Осыдан кейін нақты проблемаларды шешу кезінде ойлау бейнесін түсіну, бақылау және бейімдеу үшін белгіленген "ойлау тәртіптерін" қолдану.
3. Өзіміздің ойлау әдісімізді тек анықтау үшін қалпақты киіп, шешіп, ауыстырып, біз сол қалпақ көрсететін нақты рөлді өзіміз атқарамыз.
Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану: кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек-бөлек назар аударуды үйрену талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің үйлесімділігі толық көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау және талдамалық ойлауды толықтыра түсетін шығармашылық және құрылымдық ойлау үшін арналады.

Қалпақтарды пайдалану ережелері


1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рөлді иеленеміз.
2. Нақты түсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз.
3. Қалпақты басқа қалпақпен ауыстыру кезінде ойлау әдісі ауысады. Бұл әдіс адамды ренжітпей, ойлау барысын ауыстырады. Біз айтылған ойларға қарсылық білдірмейміз, оларды ауыстыруды сұраймыз.
4. Өзіндік пікірді білдіру үшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау әдісі пайдаланатындығы көрсетіледі. Мысалы, қара қалпақты киетіндігіңізді тек айтсаңыз ғана, сіз оны ұсынған адамға қарсылық білдірмей, идеяны талқылай аласыз.

Алты ойлау қалпақтары



Әр типтің қысқаша сипаттамасы:



Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?



Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? 



Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?



Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 



Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды



Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

6-қалпақ әдісіне қосымша ақпарат:


1. Неліктен қалпақтар? Қалпақ оңай киіліп, оңай шешіледі. Бұл біздің жағдайымызға қатысты, себебі біз ойлау типтерін түсті қалпақтарды сияқты оңайлықпен ауыстыра алуымыз керек.
2. Ойлаудағы 90%-ға дейінгі қателер (техникалық емес салаларда) – бұл қабылдау қателері. Логикалық қателер өте сирек болады.
3. Алты қалпақтар әдісі біздің ойлауымызды байыта түсіп, анағұрлым жан-жақты етеді. Егер біз біреуді әлдебір нәрсе туралы ойлауды тек сұрасақ қана, жиі кезде олар түсінбеушілік танытады. Ал егер оларды алты қалпақтар схемасын пайдалана отырып, затты талдауға шақырсаңыз, олардың қабылдау кеңдігі арта түседі.

Әдістің жақсы жақтары


  • Көрнекілік, меңгеру және қолдану қарапайымдылығы.

  • Жағдайды көре алу және бірнеше көзқарастар тұрғысынан шешу.

  • Өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді.

Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады:

  • Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;

  • Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды;

  • Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;

  • Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады;

  • Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады;

  • Өзіндік әрекет жасауға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет