Сариева Гулбаршын математика пәні оқытушысы, жоғары санатты Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Тақырыбы: Қызық екен
Мақсаты: 1. Білімділік: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету;
2. Дамытушылық: Студентердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру;
Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео - аудио техникалар. Қанатты сөздер.
1. “Математиканың өз тілі бар – ол формула“ Софья Ковалевская
2.: “Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
1.“Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек“ С.М.Ломоносов
Қосымша материалдар: тірек – сызбалар
Түрі: топтық сайыс
Типі:жарыс
Пән аралық байланыс: физика пәнімен, өмірмен байланыстыру.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.
Барысы: 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен студенттер! Бүгінгі «Нақты ғылымдар тілінде» атты апталықтың аясында “Қызық екен” атты математикалық интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі сайыс екі топ арасында өтеді. Колледж студенттерінің ұшқыр ойлыларынан құралған топтарын ортаға шақырып құрмет-қошемет көрсетіп қояйық.
1 - жүргізуші: Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.