1-жүргізуші:Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен-дей келе. Ендігі кезекті «Эрудит» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде топтарға сұрақтар қойылады.
1-топ: 1.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш? (теңбүйірлі үшбұрыш)
2.Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (Аксиома)
3.Ең үлкен хорда? (Диаметр)
4.Барлық қырлары тең тікбұрышты параллепипед? (куб)
5.Қандай санның кез-келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)
6.Екі мен үштің арасына қандай таңба қойғанда екіден үлкен, үштен кіші сан шығады? (үтір)
7.Төртбұрыштың түрлерін атап, олардың өзара өзгешеліктерін айтып шық? (ромб, трапеция, квадрат, параллелограмм, тіктөртбұрыш)
8.Қатар тұрған үш санның қосындысы мен көбейтіндісі 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)
9.Екі қолда неше саусақ бар, он қолда ше? (10,50)
2-топ: 10.Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 сағат)
11.3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)
12.Бірге жегілген 3 ат 12 км жүрсе, бір ат қанша км жүреді? (12 км)
13.Он екі айды бір сөзбен айт? (жыл)
14.Математикада координаттар әдісін енгізіп және оның қолдану тәсілдері туралы өзінің «геометрия» кітабында жариялаған қай ғалым? (Декарт)
15.ХХ ғасырда жоғары әскери белгіні білдірген қандай көпбұрыш? (бесбұрыш)
16.Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
17.Ешқандай амалдар қолданбай-ақ 666 саны 0,5 есе қалай өсіруге болады? (аударсақ 999)
18.Дәрігер Айболиттің қабылдауына бірнеше аңдар келді: екі иттен басқасының бәрі, екі мысықтан басқасының бәрі, екі қояннан басқасының бәрі. Айболитке қанша аң келді? (үш)
2-жүргізуші: Енді алдарыңызға математика ғылымдарының болашақ профессорлары, дүние жүзілік сиқыршылар жарысының болашақ жеңімпаздары Кулчабаев Қуаныш пен Айтқалиев Берекетті ортаға шақырамыз.
Трюк: 1. Бір көрермен шығарып ол 1-20 арасында сан ойлайды. Сол санды белгілі бір тәсіл арқылы табады.
2. Тағы бір көрерменді ортаға шығарып ол адамның жасын есептеп табалады.
3. Сіздің ұялы телефон номеріңізді калкулятор арқылы есептеп шығаралады.
4. Фибоначидің 10 саны