Тақырыбы: Қызық екен Мақсаты



бет5/5
Дата24.01.2023
өлшемі24,86 Kb.
#166318
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1580188590

1- жүргізуші: ендігі кезекті «Капитандар сайысына» береміз. Бұл сайыста капитандарға 3 сұрақ қойылады. 1 және 2 сұрақ жеке-жеке, 3 сұрақ ортақ.
1-топ:
1) Бұл оқымыстының фамилиясымен аталған. Бұл өте атақты оқымысты, ол туралы оны оқымаған балада біледі;
2) Мұнда көпшілігі бала кезінен білетін фигура туралы айтылады;
3) Оны дәлелдеу керек, бірақта оны баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған;
4) Мұны дәлелдеген оқымыстының шалбарының барлық қырлары тең деген сөз қалған.
Жауабы: Квадрат
2-топ:

  1. Бұл геометриялық фигура жұмыр, басы не аяғы жоқ, бірақта оны тұтас көруге болады;

  2. Бұл фигура күнделікті өмірде де, техникада да, архитектурада да қолданылады;

  3. Оның ішімен қанша жүрседе, сол шыққан жеріне қайтып келесің;

  4. Оны салатын арнайы құралы бар.

Жауабы: Шеңбер
Ортақ сұрақ:
1) Ол алгебра сабағында өтіледі. Бұл шексіздікке кететін қисық;
2) Егер жіпті екі қолыңмен ілініп тұратындай етіп ұстасаң ол оған қатты ұқсайды;
3) Адамдар оны бұрыннан біледі және өмірде қолданып та жүр: атты ертедегі ертоқым
4) Мұғалім айтты: бұл әдемі қисық график бір функцияның графигі, дәлірек айтқанда...
Жауабы: Квадрат функцияның графигі
2-жүргізуші:Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Ортақ тапсырма» сайысына береміз. Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Бұл сұраққа өзіңіз жинаған ұпайға байланысты ақша тігесіз. Егер жауап берсеңіз ұпай өзіңізге қосылады, ал егер дұрыс жауап бере алмасаңыз ұпайларыңыз жойылады.
0 санын алғашқы ойлап тапқан адам?
А) Аль-Хорезми
Б) Бируни
В) Аль-Фараби
Қорытынды:
Жеңімпаз топ марапатталады.
Осымен «Қызық екен» атты математикалық сабақтан тыс сағатымыз аяқталды. Осы сағатқа белсене қатысқан студенттерге көп-көп рахмет! Келесі көріскенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет