2 - жүргізуші: Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз.
Алғырлар мен тапқырлар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
1 - жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа.
Жасықтан емессің сен, қаталдансың!
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән – “математика” атанғансың!
2-жүргізуші: Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
1 - жүргізуші: Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік:
І-кезең: «Қызық екен» (сұрақ-жауап)
ІІ-кезең: «Көрермендермен сайыс»
ІІІ-кезең: «Эрудит»
ІV- кезең: «Математикалық трюк»
V- кезең: «Капитандар сайысы»
VІ-кезең: «Ортақ тапсырма»
2-жүргізуші: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт-сапар тілеп бәріңе, біз сайысты басталық.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп сайысымыздың алғашқы кезеңі,
Сайысты бастау үшін топтың жанкүйерлері екі топқа бөлініп отырады. Қай топтың жанкүйерлері көп болса сол топ сайысты бастайды. Жанкүйерлерден бір ғана көмек аламыз.
«Қызық екен» (сұрақ-жауап) – ге кезек береміз. Бұл кезеңде қатысушылар тақырып таңдап, сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап үшін 1000 теңге топ қоржынына түседі.
1.Математик әйел:Софья Ковалевскаяның математикаға деген қызығушылығы неден туындады?
А) Басына түскен алма әсер етті
Б) Түз қағаздағы есеп
В) Түс көруі
2. 0: 0 санын Үнділіктер қалай атады?
А) Сунья
Б) Сифр
В) Цифр
3.Алтын тәж: Архимед Гиерон патшаға алтын тәжін бұзып жармай таза алтыннан жасалғанын қалай дәлелдеді?
Достарыңызбен бөлісу: |