The method of research: With deciding logical puzzles. looking
internet collecting information materials to call interests of pupils to decide of logical puzzles to independent works
The news of research: With oleciding logical puzzles are promoted
levels of knowledge. With deciding difficult puzzles are developed intelligent abilities and lead to new olecides. Inclination to subject is promoted.
The results and ends of word: Pupil of preparing to the scientist work.
aspired to prove logical puzzles and the way of their resings. decide puzzles of Olympic will can assimilate on the lesson of math and doing conclusion that in school programme will need add more puzzles.
Theoric and practice importants: Pupil aspired to prove the ways
different logical puzzles. well minds. making conclusion and exploring abilities are developed on pupil.
Ғылыми жобаның жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қызықты математика деген не?
Қазақтың байырғы есептері
Бас қатыру есептері
Математикалық кроссворд
Ертегі есеп
Логикалық есептерді шығару әдістері.
Сиқырлы шаршы
Төркөзді қағаздағы қию есептері
Қорытынды
Қызықты математика маңызы
Кіріспе
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
математика, сондықтан оны оқу керек»
М.В. Ломоносов
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Логика-(грек тілінен алынған Logic- сөз, ой,ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары, түрлері және әдістері туралы ғылым.Ой қорыту түрлері және әдістері туралы ілім Ертедегі Шығыста(Қытай, Үнді) пайда болды. Кейін грек ойшылдары ары қарай дамытты.
Математика ғылымы ішіндегі математикалық логиканың ғылыми бағыты қарқынды даму үстінде.Оның ғылыми нәтижелері кибернетикада, информатикада, басқару теориясында, гуманитарлық ғылымдарда қолданыс табуда. Кезкелген мемлекеттің экономикасының табыстылығы сол елдің басқару элитасының іскерлігіне және білім, ғылым және өндірістегі адамдардың интеллектуалды деңгейіне тікелей байланысты.[№1,2014 ж, Алгорифм журналы]
«Ойнай білетін адам-ойлай да біледі» демекші, ерте заманнан адамдар өз балаларының дамуына назар аударып, оларды ойын мен қызықты есептер арқылы ақылды адам етіп тәрбиелеуге тырысқан. Есепті шешудің ұтымды, жеңіл жолдарын табуға балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету, математикаға деген қызығушылығын тудыратынын өмірде көрсетіп отыр.Есептердің шарттары мен талаптарының сурет, кесте, өлең, жұмбақ, логикалық түрде берілуі қандай да бір әдістермен шешуге талпындыратыны байқалады. Логикалық ойлауды логикалық және қызықты математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[ №2,2005ж, Алгорифм журналы]
Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап балалардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық, яғни қызықты есептерді шығаруда шығармащылық жұмыс істеуді керек етеді. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |