Тақырыбы: Қызықты математика есептері



бет5/11
Дата03.04.2023
өлшемі2,16 Mb.
#173626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қызықты матем

Қоян жылы

  • Ұлу жылы

  • Жылан жылы

  • Жылқы жылы

  • Қой жылы

  • Мешін жылы

  • Тауық жылы

  • Ит жылы

  • Доңыз жылы

  • =13+0*12=13
    =13+1*12=25
    =13+2*12=37
    ..........................
    N =13+(n-1)*12=12n+1
    Жыл жаттау ережесі:
    Түйе сеніп бойына,
    Қалған ұмыт жылдардан.
    Жатпа қорқып мойыма,
    Тайма именіп ділмардан.
    Өлең сөздеріндегі басқы әріптері мүшел жылының бірінші әріпіне сәйкес келеді.

    Қазақтың жыл қайыру ережесі :


    b=a+9, b=12*n+r, мұндағы a-туған жыл; r-қалдық
    Мысалы: Абай 1845 жылы туған. a=1845. Осы сүйеніп, мүшел есебі бойынша Абайдың туған жылы былай анықталады.
    b=1845 +9=1854
    1854=12*154+6
    r=6 демек Абай атамыз мүшел есебінің 6-жылында, яғни Жылан жылы дүниеге келген.[5]


    Бас қатыру есептері
    Оқушылардың ұшқыр ойлауына, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыда қабылдауына жақсы әсер ететін ойындардың бірі-бас қатырғыш есептері.
    Бас қатыру- тапқырлықты, алғырлықты талап ететін есептер мен ойындар[2]
    Танграм. Бұл есепті шығаруда екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастыруға болады. Логикалық ойлауды дамытуға ықпал жасап, жазықтықтағы геометриялық қабылдауды жақсартатын бұл есеп алғашында қарапайым көрінгенімен, күрделі болып табылады [3]


    1-есеп. «Танграм»- ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі. 1-cуретте қабырғасы 10 см шаршы көрсетілген. Ол 7 бөлікке бөлінген.

    1. сурет


    1. сурет 3- сурет

    Олардан әр түрлі фигуралар құрастыруға болады (2,3-суреттер). Осы жеті фигурадан екі шаршы және 2-суреттегі басқа фигураларды


    құрастырыңыз. Есептің шешуін 3- суреттен қараңыз.Оқушылар осы фигуралармен құрастырылатын фигураларға қоса өздері креативті түрде ойлап тапқанфигураларының коллекциясын жасауына болады.
    Рубиктің кубигі- 1977 жылы венгр дизайнері Энро Рубик ойлап тапқан бас қатыру есебі. Бұл 26 кубты біріктіретін, бірақ динамикалық, куб пішінді үш жазықтықта айналатын архитектуралық конструкциялы макет еркіндік дәрежесінің және өзара комбинация санының үлкен болуына байланысты логикалық ойлау және кеңістікте елестету қабілетін дамытады.
    Қоршаған ортаны қате қабылдауына байланысты адамның кеңістіктік және бейнелі ойлауы дамымайды. Рубиктің кубигі- оқушының кеңістікте елестету қабілетін дамытуға ықпалын тигізетін ерекше жаттығулардың бірі.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет