Тақырыбы: Қызықты математика есептері



бет9/11
Дата03.04.2023
өлшемі2,16 Mb.
#173626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қызықты матем

Ұрылар мен кемпір

Ертеде байлардың естігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір : «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты :


«Сапырып – сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бар» - деген екен. Мұны естіген ұрылар:

  • «Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік», - деп, кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу , ұры нешеу?
Шешуі : 1+1+2+4+1+1=10 адам.
10 : 2= 5 ұры.
Жауабы: 10 адам, 5 ұры.[ С. Ерубаев. «Қазақтың байырғы есептері»]
Мысалы – 1. «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсысы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты – алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балапан шықты». Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?



  1. Есепті талдау

а) Алты қанат киіз үй туралы түсінік
ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы
б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру

  1. Есепті схема сурет түрінде жазу

  2. Шығару тәсілі - әр керегенің түсіне 6 – дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6 – ға көбейту.

  3. Есепті шығару: әр керегедегі мысық саны. 12+72+432+2592+15552+93312= 111972

  4. Есептің нәтижесін тексеру:



  1. Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады

  2. Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет