Математикалық кроссворд. Кроссворд(ағылшын сross-«көлденең» және word- «сөз»)- сұрақтардың жауаптары тік және көлденең жолдардың қиылысуына әріп сәйкестігі ескеріліп толтырылатын бас қатыру есебі [2]
есеп.Шығармашылық есебі
(Өзім құрастырған сөз жұмбақ)
«Желдеткіш» атты сөз жұмбағы
1
|
Көлденеңінен: 2.Бір немесе бірнеше цифрлардан тұратын жазу. 4.Математикалық амалдың белгісі.
Тігінен: 1.Ойлау мен есептеу арқылы орындалатын жаттығу.
4.Санауға қолданылатын сан
|
2
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
4- сурет
Математикалық викториналар. Викторина- әртүрлі білім салаларынан қойылған сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру ойыны[1]. Түрлері: әдеби викторина, музыкалық викторина, математикалық викторина т. б.
3-есеп. Викторинаға жауап берін. «Тәуліктің алдағы қалған уақыты өткен уақыттан екі есе көп болса, қазір сағат қанша болғаны?»[4]
Шешуі: Тәуліктің өткен уақытын х сағ. Деп белгілеп, есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз: 2х+х=24, осыдан х=8(сағ.)
Жауабы: 8 сағ.
4-есеп. Әрбір алманы 3-тен артыққа бөлмей, 5 алманы 6 қызға қалай тең бөліп беруге болады?
Жауабы: 3-уін 2-ге, 2-уін 3-ке бөлу керек.
Логикалық есептерді шығару әдістері.
Ой қорыту әдісі
Кесте әдісі
Графтар әдісі
Әйлер дөгелектері
Логикалық алгебра көмегімен есептерді шешу
Эксперимент жасау әдісімен шешу
Программалау арқылы шешу
Компьютерлік модель көмегімен шешу
5-есеп. Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай? [№1, 2007 ж, математика және физика]
Шешуі: 1 – тәсіл (Ой қорыту әдісі)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады.
ІІ – тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, І кестені салайық
Тегі
|
Сары
|
Қара
|
Ақ
|
Ақбаев
|
+
|
-
|
-
|
Сарыбаев
|
-
|
+
|
-
|
Қарабаев
|
-
|
-
|
+
|
Жауабы: Ақбаев – сары шашты
Қарабаев – ақ шашты
Сарыбаев – қара шашты
Граф әдісі (сәйкестендіру сызықтары арқылы)
6-есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.
Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.
а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ
ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ
б) Мадина – ІІ, Динара – ІҮ.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табы керек.
Ә І
Ғ ІІ
М ІІІ
Д ІҮЖауабы: Әлия –І, Мадина – ІІ, Динара – ІІІ, Ғалия – ІҮ
Әйлер дөгелектері
Есеп: Шет тілдерінен дәріс беретін мектепте 15 бала ағылшын тілі үйірмесіне, ал 13 бала неміс тілі үйірмесіне қатысады. Оның ішінде 8 бала екі пәнге қамтылған Сонда жалпы неше бала бар?
8 ортақ, екеуіне де қатысатындар
15-8=7 тек ағылшын тіліне
13-8=5 тек неміс тіліне
Сонда барлығы :7+8+5=20
5
8
Достарыңызбен бөлісу: |