Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бағыты:Математика
Тақырыбы: Қызықты математика есептері,
оны шығару жолдары
Ғылыми жұмыстың авторы:Қожамқұлова Мәншүк
Жетекшісі:Игисинов Сабит
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Математикадан қызықты, яғни логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Зерттеу кезеңдері:
Түрлі бағыттағы логикалық есептерді шығару
Өз бетімен есептер шығару
Тақырыпты ашуда А.Е. Әбілқасымова, С.А. Джанабердиева «Қызықты математика» , С. Ерубаевтың «Қазақтың байырғы есептері» , Я.И.Перельман «Қызықты алгебра» деген жұмыстарын басшылыққа алып, логикалық есептердің маңыздылығын ашып көрсету.
Эксперимент әдістемесі: Логикалық есептерді шығару, өз бетімен есептер құру, интернет жүйесін қарау, баспасөз беттерінен материалдар жинау арқылы логикалық есепті шеше білуге қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен жұмысжасай білуге үйрету
Зерттеу жаңалығы: Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс – қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі қалыптасты.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарының тиімділігін, олимпиадалық есептерді шешуде,халықтық есептерді шешуде, математика сабағында тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге ұмтылған және мектеп бағадарламаларында көбірек берілсе деп түйін жасайды.
Теориялық және практикалық маңыздылығы: Түрлі бағыттағы логикалық есептердің шығарылу жолдарымен дәлілдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |