7 бөлікте дәрілік пішіндердің аталуы (жақпа май, ұнтақ т.б.) және фармацевтке басқа тапсырмалар жазылады: дәрілік заттарға қандай фармацевтикалық операция жүргізу керек екені (араластыру, беру, қолдану, құю, еріту); дәрілік заттарға қандай пішін беру (ұнтақ, таблетка, балауыз), мөлшерін қанша дайындау. Дәрі-дәрмекті қандай орауышта жіберу (қабықта, ампулада, шыныда). Мысалы: Misce, fiat uguentum
8 бөлікте дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері жазылады, шартты қысқартумен басталады; белгіле – S. Signa. Күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Сонымен, латын тілінде рецепт толық былай болып шығады:
Recipe: Tincturae Convallariae Tincturae Valerianae ana 10 ml Tincturae Belladonnae 5 ml Mentholi 0,2 Misce Da Signa Күніне 3 рет 20-30 тамшыдан
Рецептурада қысқыртылып оқылатын сөздер q.s Ac - Acidum қышқыл Aq. destill - Aqua destillata тазартылған су D.S - Da Signa бер, белгіле D.t.d. N - Da tales doses осынша мөлшерде numero санымен бер Dec - Decoctum қайнатпа Dr - Dragee домалақ Extr - Extractum сығынды fol - folium жапырақ in amp - in ampullis ампулада in caps. gelat - in capsules gelatinosis желатин қабығында in tab - in tabulettis таблеткада inf - infusum тұндырма Lin - Linimentum линимет M.D.S. - Misce Da Signa Араластыр Бер Белгіле M.f. - Misce ut fiat болғанша араластыр Mucil - Mucilaqo қоймалжың ol-oleum сүйық май Pulv - Pulvis ұнтақ q.s. - quantum satis қанша алсаң да S - Signa белгіле Sol - Solutio ерітінді Steril - sterelisetur стерилизация жасалсын! Supp. rec - suppostorium rectale балауыз ректалды Susp - Suspensio суспензия Tinct-T-ra - Tinctura тұнба