« Қостанай гуманитарлық колледжі»мекемесі
Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
______________ Жангужина З М..
«___» _________________ 2019 ж
Тақырыбы:
Орындаған: Досмағанбетов С.Ж.
3МДТ-17тобы
Қостанай 2019 ж
Жасөспірімдерге жыныстық білім беру туралы
Қазіргі күні біз қоқыс жәшігінен табылған сәбиге таңқалмаймыз. Бұл балаларды, әдетте, өздері сияқты басқа балалар, яғни жасөспірім-аналар жасырын босанғаннан кейін тастап кетеді. 2017 жылды толық есептемегеннің өзінде Қазақстанда 15-17 жас аралығындағы 1659 қыз некесіз жүкті болып қалған. Жыныстық сауатсыздықтың кесірінен тастанды балалар ғана зардап шекпейді, жасөспірімдердің өздері жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады, аборт жасатады, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны таратады, жүкті болып қалғандықтан ерте отбасылық өмірге аяқ басады. Бұл тізім созыла береді. Соған қарамастан жыныстық сауатты арттыру немесе жыныстық білім беру туралы ойға қоғам көзқарасы оң емес. Жас зерттеушілер Қарлығаш Қабатова мен Сергей Маринин жасөспірімдерге жыныстық білім беруге қатысты кең тараған аңыздарды талдап көрді. Содержание / Мазмұны 1-аңыз: Жыныстық білім беру балаларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелейді 2-аңыз: Кәмелет жасқа толғанға дейін жыныстық қарым-қатынасқа тыйым салу – мәселенің ең оңтайлы шешімі 3-аңыз: Жыныстық білім беру жыныстық қатынасқа ерте қызығушылықты оятады 4-аңыз: Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсу – нашар тәрбиенің белгісі 5-аңыз: Жыныстық қарым-қатынас туралы балаларды ата-аналары хабардар етеді 6-аңыз: Тек қыздар ғана өздерінің жыныстық денсаулығына мән беруі керек 1-аңыз: Жыныстық білім беру балаларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелейді Жалған. Жыныстық білім беру, әуелі, балаларға өз денсаулығын күтуді насихаттайды. Оны жан-жақты зерттегендер, жасөспірімдерді қауіпсіз жыныстық қарым-қатынасқа үйрететінін дәлелдеген. Жан-жақты жыныстық білім беру адам денесінің дамуы, адамдар арасындағы сыйластық, жыныстық жетілу, дұрыс қарым-қатынас, контрацепция сынды дүниелерді үйретіп, жалпы жыныстық қарым-қатынасты адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде көрсетеді. Жыныстық білім берудің негізгі міндеті – баланың жасына сәйкес ғылыми дәлелденген ақпарттарды беру. Оқу бағдарламасын жасаушылардың айтуынша балаларға олардың денесінің құрылысы туралы, жыныстық жетілгенге дейінгі өзгерістер жайлы айту өте маңызды. Бұл шектен тыс қызығушылық пен жыныстық эксперименттердің алдын алады. Сонымен қатар, білімі бар бала өзіне қатысты жыныстық зорлық болған жағдайда, оны түсініп, ата-анаға қалай жеткізу керектігін біледі. 2-аңыз: Кәмелет жасқа толғанға дейін жыныстық қарым-қатынасқа тыйым салу – мәселенің ең оңтайлы шешімі Жалған. Әрине, біраз уақыт баланы тыйыммен ұстауға болады, бірақ сіз 24/7 оның жанында емессіз. Сондай-ақ тыйым салынған нәрсе адамды одан сайын қызықтыра түсетіні белгілі. Мәселен, АҚШ-тың көптеген штаттары жыныстық білім берудің рестриктивті үлгісін ұстанады, яғни, некелескенге дейінгі жыныстық қарым-қатынасқа түсудің дұрыс еместігін насихаттау. Бірақ рестриктивті жыныстық білім берудің жан-жақты білім беру сияқты оң нәтижелері жоқ. 2012 жылы АҚШ-тың бір топ ғалымдары 66 жан-жақты жыныстық білім беру мен 23 рестриктивті үлгіні зерттеп мета-анализ жасады. Жан-жақты жыныстық білім беру Рестриктивті жыныстық білім беру (насихаттау) Көздеген аудиториясы 10-14 жас 15-19 жас 10-14 жас Күтілетін әсер Жыныстық белсенділіктің қысқаруы Жыныстық белсенділіктегі қауіпті төмендету Жыныстық белсенділіктің қысқаруы Бағдарлама сараптамасы нәтижесінде, жан-жақты жыныстық білім беру мына көрсеткіштерді көрсеткен: жасөспірімдердің жыныстық белсенділігін 12%-ға, жыныстық қарым-қатынасқа түсетін серіктерінің санын 14%-ға, қорғалмаған жыныстық қарым-қатынасты 25%-ға, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны 31%-ға кемітіп, контрацепция өнімдерін пайдалану 13%-ға өскен. Рестриктивті жыныстық білім берудің оң нәтижелері анықталмады. Жан-жақты білім беру жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау үшін тиімді. Ол жыныстық қарым-қатынастан сақтанатын жастарға да, жыныстық белсенді жастарға да бірдей. Жыныстық білім беру мәселелерімен айналысатын ұйымдар – Отбасын жоспарлау халықаралық федерациясы (ОЖХФ), ЮНЕСКО, ЮНФПА да биология, медицина, психологияны қамтитын жан-жақты курстың енгізілгенін қолдайды. Канаданың шығысындағы Онтарио провинциясындағы оқу бағдарламасы өте жақсы мысал бола алады. «Денсаулық және физикалық тәрбие курсы» (Health and Physical Education) төрт секцияны қамтиды: (а) өмірлік қабілеттер; (b) белсенді өмір тәртібі; (с) қозғалыс қабілеттілігі; (d) салауатты өмір салты. Жыныстық қарым-қатынас тақырыбы «Салауатты өмір салты» секциясының құрамында. Оқушы тамақтану, үйдегі, мектептегі, көшедегі қауіпсіздік, алкогольді және басқа да өнімдерді қолдану, жыныстық белсенділік сияқты жайттардың денсаулығына тиімді жағын таңдауды үйренеді. 3-аңыз: Жыныстық білім беру жыныстық қатынасқа ерте қызығушылықты оятады Жалған. Зерттеулерге сенсек, жыныстық жағынан сауатты жасөспірімдер жыныстық қарым-қатынасқа түсуді кейінге қалдыра алады, қарым-қатынасқа түсетін серіктерінің саны аз болады және контрацепция өнімдерін қолдануды біледі. Мұны халықаралық қана емес, қазақстандық тәжірибе де растап отыр. ЮНФПА жыныстық білім беруді «Валеология» пәнінің құрамына енгізіп, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы колледждерге енгізген. Ұйымдастырушылар студенттердің екі тобын салыстырып көрді: бірі валеология пәнін оқыған, екіншілері оқымаған. Салыстырудан байқағанымыз, бірінші топтағы жасөспірімдер екінші топтағыға қарағанда жыныстық өмірді бір жылға кеш бастаған, сонымен қатар, ақпаратқа қанық болғандықтан өздерінің репродуктивті денсаулығын қорғай алған. 4-аңыз: Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсу – нашар тәрбиенің белгісі Манипуляция. Ата-аналар балаларының жыныстық өмірге қызықпайтынына қаншалықты сенгісі келгенімен, олар нақтысын білмейді. Сонымен бірге, жыныстық жетілу кезінде жыныстық қарым-қатынасқа деген қызығушылықтың оянуы қалыпты нәрсе және ол тәрбиенің нашар екенін білдірмейді. ЮНФПА-ның Қазақстанда жүргізген тәжірибесі 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 65%-ның жыныстық өмірі мектеп бітіргенге дейін басталып қойған (Танирбергенов С., Абуова Г. Ситуационный анализ: Репродуктивное здоровье населения Казахстана (2008-2014), ЮНФПА. – с.54.). Жыныстық белсенді жасөспірімдердің барын және олардың стигматизациясын жоққа шығару ерте жүктілік пен жыныстық сауатсыздықтан туындайтын басқа да жағдайлардың алдын алмайды. Мұндай жағдайға тәрбие, әлеуметтік жағдайы немесе бақуаттылығына қарамастан кез-келген отбасы тап болуы мүмкін. Тек насихат айтуды ең дұрыс тәсіл деп есептейтін рестриктивті жыныстық білім беру – шындықтан қашумен бірдей. Өйткені қазақстандық жасөспірімдер жыныстық өмірді сүріп жатыр және бұл факт. АҚШ-тың тәжірибесіне сенсек, мұндай тәсіл жастардың өзін жыныстық қарым-қатынастан шектеуіне, кейінге қалдыруына немесе ең болмағанда жыныстық қарым-қатынасқа түсетін серіктерінің санын азайтуға әсері болған жоқ. 5-аңыз: Жыныстық қарым-қатынас туралы балаларды ата-аналары хабардар етеді Жартылай шындық. Мұндай жайттарды балаларымен еркін талқылай алатын ата-аналар бар. Бірақ Қазақстандағы жыныстық білім берудің қолжетімділігін зерттеу кезінде және ЮНФПА-ның деректері бойынша ҚР-да ата-аналардың көпшілігі баламен «ол туралы» сөйлесе алмайтыны белгілі болды. Айтқан күннің өзінде, ата-аналар да гендерлік аспектідегі комплексті медициналық құбылыстар туралы біле бермейді. Қазір, интернет дамыған заманда балалар барлығын сол арқылы өздері біліп алады деген пікір қалыптасқан. Бірақ мектеп қана 100% балаларды қамтиды және мектепте бала ғылыми маңызы бар, коммуникативті, ал ең бастысы жүйеленген, сүзгіден өткен ақпараттарды алады. Сол себепті, баланы өзінің жыныстық-репродуктивті денсаулығынан хабардар ету үшін мектептегі жылдарды зая кетірмеген дұрыс. 6-аңыз: Тек қыздар ғана өздерінің жыныстық денсаулығына мән беруі керек Жалған. Бірақ бұл танымал аңыз кәсіби ортада да кең тараған. Зерттеу барысында біз көбінесе қыз балалар өздерінің жыныстық денсаулығына мән беретінін байқадық. Ешқандай гендерлік саясатқа бұрмалау жоқ. Дегенмен, жігіттер қауымы білімнің жетіспегендігінен зардап шегуде. Бұл жағдай әйел мен ер арасында тең құқылы қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Бұл олқылықты жыныстық білім берудің құрамына гендерлік теңдікті қосу арқылы түзету керек. 2018 жылдың басынан Қазақстан Республикасындағы мектептерде жыныстық білім беретін толыққанды курс жоқ. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде әртүрлі ұйымдар мектеп жасындағы , әсіресе, қыздарға қысқамерзімді білім беру жобасын ұсынып келеді. Мұндай бір реттік жобалар балалардың тиісті білімді алып, оларды түйсініп үлгеруіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалардың сапасын да қадағалау қиын. Жыныстық білім беруді жан-жақты қамтитын жалғыз амал, ЮНФПА ұсынып отырғандай, колледждерге валеология пәнін енгізу. Бұл тақырыпты үздіксіз талқылай беруге болады, бірақ Қазақстандағы жасөспірімдердің жыныстық жағынан белсенді екені факт. Мектеп – кәмелеттік жасқа толмаған балаларды 100% қамти алатын жалғыз институт. Қазіргі қыз-жігіттердің толыққанды білім алып, өз потенциалын көтеруі үшін олардың дені сау болуына көмектесуіміз керек
»
Достарыңызбен бөлісу: |