Тақырыбы: Жазылым жұмыстарында стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу Мақсаты


Мақаланы талдаудың негізгі тәсілдері



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата19.09.2024
өлшемі1,11 Mb.
#204729
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3-күн 3-сабақ Қазақ тілі Т1макала

Мақаланы талдаудың негізгі тәсілдері
Топтық тапсырма. 
«Хоббиіңді кәсіпке айналдыр немесе жақсы 
көрген ісіңмен айналыс» тақырыбына жазылған мақаланы 
негізгі тәсілдері бойынша талдаңыздар. Тапсырманы орындау 
уақыты: 20 минут. Тапсырманы орындау сілтемесі: 
1-топ: 
https://docs.google.com/docu
ment/d/1pV9Ha1NoEA4ZOfN
Vw5E05PT8XsUaitkzQ1ex9oJ7
8jI/edit?usp=sharing
2-топ: 
https://docs.google.com/docu
ment/d/1pV9Ha1NoEA4ZOfN
Vw5E05PT8XsUaitkzQ1ex9oJ7
8jI/edit?usp=sharing
3-топ: 
https://docs.google.com/docu
ment/d/1LLNnevFOiDqIJY49b
aTfWBVLbDXy1flwhllcnpgoVa
g/edit?usp=sharing
  


21 
Мақала 
Хоббиіңді кәсіпке айналдыр немесе жақсы көрген ісіңмен айналыс
 
 Адам өзінің мамандығын сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне байланысты таңдайды. Сыртқы факторларға сырттан келген ықпалдарды 
жатқызуға болады. Мысалы, ата-анасының ықпалы, әлеуметтік жағдайлар, қаржы мәселесі және т.б.
 
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер мамандықты емес, грантқа түсуді көздейді. Нәтижесінде адам өзін қызықтырмайтын 
маман иесіне айналады. Студенттерден оқуға немқұрайлы қарау себебін сұрағанда, көпшілігі мамандықты өзінің ұнатып таңдамағандығын алға тартты.
Кейінгі кездерде ата-аналар балаларын өздерінің жағдайлары келетін мамандыққа әкеліп түсіреді, кейбірі талапкердің пікірімен санаспайды. Талапкерлердің 
өздері қандай мамандықты таңдайтындықтарын білмейді.
Ішкі фактор – бұл адамның ішкі жан дүниесінің қалауымен жасаған таңдауы.
 
Адам мамандықты өзінің қызығуымен таңдайды. Бұндай жағдайда таңдаған мамандық оны қызықтырады. Apple компаниясының негізін қалаған 
Стив Джобсс: «Ұлы істерді жасаудың жалғыз жолы – жұмысыңды жақсы көріп істеу», – деп атап өтеді.
 
Психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша, адам өзінің жақсы көрген ісімен айналысу керектігін былай көрсеткен:
1) шаршамайды, жалықпайды; 
2) сол саладағы ізденісі тоқтамайды; 
3) дамудың жоғары деңгейлеріне жетеді және оны жоғары деңгейде орындайды.
 
Ісін жақсы көрген адам үшін ең бірінші кезекте жұмысына төленетін жалақы емес, сол жұмысын жасағаны маңызды болып табылады. Сол себепті 
бұндай адамда өзінің бәсекелестерін жеңіп шығу мүмкіндіктері мол.
 
Адам өзіне лайықты мамандықты таңдау үшін төмендегідей әдістер ұсынылады:
1) кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған тестілеуден өту; 
2) саланың адамдарымен ақылдасу; 
3) өзіндегі бастапқы мамандықты түрлендіру; 
4) өзін қызықтырған мамандық туралы ақпарат жинау; 
5) бала кездегі арманын еске түсіру, себебі балалық шақта ешбір сыртқы фактор әсер ете қоймайды.
Осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолдану арқылы таңдайтын мамандықтар тізімін қысқартуға болады.
Таңдалған мамандықтың дұрыстығының екі белгісі бар:
1. істің жеңіл, тез әрі қатесіз орындалуы; 
2. істі орындаудан шаршамау, керісінше, сол істен рахаттану, рухани жақсы әсер қалдыру.
 Практика адамның таңдаған мамандығының дұрыс немесе бұрыс екендігін айғақтайды.
Қорыта айтқанда, адамдар өзінің табиғатына сай мамандықты таңдайды. Мамандықты дұрыс таңдау – өз ісінің шебері болып қалыптасуына негізі 
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет