Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі


Тәжірибелік бөлім бойынша сұрақтар,өзіңіз үй жағдайында видео түсіріп жібересіз



бет2/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
№1

Тәжірибелік бөлім бойынша сұрақтар,өзіңіз үй жағдайында видео түсіріп жібересіз

Сұрастыру әдісі бойынша үйдегі туысыңызды түсіру арқылы:

Паспорттық дерегі қысқаша

Ауру шағымы Мысалы: Бруцеллез,Вирусты гепатит А, ВГВ,Шигеллез,Ботулизм біреуін таңдайсыз

Ауру даму анамнезі

Ауру өмір анамнезі

Эпидемиологиялық анамнез, ең басты анамнез, сұрақтарды аурудың жұғу жолын

анықтау үшін қоясыз

Жалпы қарау, яғни обьективті қарау: Бруцеллез,Вирусты гепатит А, ВГВ,Шигеллез,Ботулизм біреуін таңдайсыз

Диагностикалық әдістер:туысыңызға қандайда бір әдіске анализ стандартын түсіндіріп жатқаныңызды видеоға түсіресіз

1.Науқасты серологиялық әдіске көк тамырдан қан алуды түсіндіру

2. Науқасты биохимиялық әдіске көк тамырдан қан алуды түсіндіру

3. Науқасты бактериологиялық зерттеуге нәжіс алуды түсіндіру

4. Науқасты тері ішіне аллергиялық байқау жүргізуге дайындау, түсіндіру

5. УЗИ, томогрография, ЭКГ әдіске түсіндіру

6. Науқаст іш өткенде диета қабылдауға үйрету

7.Науқасты іші өткенде регидратация әдісін түсіндіру

8.Науқасты антибиотик дәрілерін қабылдауды түсіндіру

9.Науқасты иммунитетін көтеру жолдарын түсіндіру

10.Науқасты алдын алу шараларын мысалы Бруцеллезден гепатиттен6 ботулизнен6 сальмонеллезден сақтануға кеңес айтып түсіндіріп видео жіберу

Жұқпалы аурулар –өте кең таралған,әр түрлі микроорганизмдермен шақырылатын, контагиозды сипат тән, инкубациялық кезеңнің болуы, клиникалық белгілердің циклдік өтуі және спецификалық иммунитет қалыптасуымен сипатталады. Жұқпалы аурулар жұқпа көзіне байланысты 2 топқа бөлінеді: антропоноздар ( ауру көзі науқас адам және қоздырғыш тасымалдаушылар); зооноздар ( ауру көзі ауру малдар, құстар) . Инфекция терминін алғаш рет 1841 жылы К.Гуфеланд қолданған, (лат. тілінен – infectio – жұқтыру) деген мағына береді. Инфекциялық процесс патогенді микроорганизмдер мен макроорганизмдердің арасындағы ішкі ортаның әсер ету жағдайында дамитын күрделі құбылыс. Жұқпалы аурулар жеңіл, орташа, және аурыр ағыста өтуі мүмкін.

Суперинфекция – бірінші жұқпалы ауру аяқталмай жаңа қоздырғышпен инфекциялық процестің(ВГВ- ға ВГД қосылуы). Реинфекция – бір аурудың сол қоздырғыштың қайта түсуінен дамуы. Моноинфекция- бір қоздырғышты ауру.Қоздырғыш тасымалдаушы дегеніміз– сау адамдар өздері білмей сыртқы ортаға қоздырғыштарды бөлетін болғандықтан, гигиеналық ережелерді сақтамаған жағдайда қоршаған ортадағы адамдарға қауіп төндіреді.Эндогендік инфекция– адамның организміндегі қоздырғыштан туған ауру. Экзогендік инфекция – сыртқы ортадан енген қоздырғыштан туған ауру. Латентті түрі аурудың клиникалық белгілерінің дұрыс білінбеуі.Оппортуниялық инфекциялар белгілі бір қолайлы жағдайда дамиды. Бұл аурулар көбіне шартты – патогенді флорамен шақырылады, мысалы АҚТҚ/ЖҚТБ.

«Аса қауіпті», «конвенциялық», »карантинді» терминдер бұл адамға өте қауіпті инфекциялар деп көрсетіледі. Аталған жағдайларда халықаралық келісімге сәйкес арнайы шаралар жүргізіледі. Оба,тырысқақ, шешек, сары қызба «карантинді» және «конвенционды» деп аталады.Табиғи ошақты ауруларға жабайы жануарлар арасындағы қоздырғыштың табиғи резервуары (оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар т.б.) аурулар кіреді.

Жұқпалы аурулар қоздырғышына түрлі микроорганизмдер: қарапайымдылар, бактериялар, вирустар, риккетсиялар т.б. (толық танысу үшін микробиологияны ашыңыз). Осы микроорганизмдер міндетті түрде инфекциялық процестің себебі, яғни этиологиялық факторы болып саналады. Инфекциялық процесстің ерекшелігі микроорганизмнің макроорганизмдегі өмірі, бұл жағдайда олардың арасындағы байланыс: симбиоз немесе антоганизм,

яғни түрлі организмдердің бірігіп тіршілік етуі, бір – біріне пайдасын тигізуі.

Симбиоздың түрлі формалары: мутализм, яғни өзара байланысқан организм бір – бірінен пайда көреді, мысалы, ішек микроорганизмдері тамақ қалдықтарымен қоректенсе, олар шығарған витаминдердің организмге пайдасы зор,коменсализм – микроорганизмдер басқа организм есебінен тіршілік етеді ( қалыпты ішек микрофлорасы), паразитизм – бір организм (паразит) екінші бір организм есебінен тіршілік етіп, оған зиянын тигізеді.

Микроорганиздердің инфекциялық процесс пайда болуына әсер етудегі маңызды қасиеттеріне: олардың патогенділігі, вируленттілігі және токсигенділігі жатады.

Микроорганизмдер токсигенділігі дегеніміз табиғаты әртүрлі токсигенді заттар бөліп, организмнің клеткалары және ұлпаларына тікелей әсер етуі, оларды экзотоксиндер және эндотоксиндер деп бөледі: экзотоксиндер – кейбір бактериялардың қоршаған ортаға токсин бөлуі. Бактериалды экзотоксиндер мүшеге бейім (органотропты) және патологиялық әсері бар

( сіреспе токсині). Эндотоксиндер – клеткалардың өлуінен, бактериялардың бұзылуынан бөлінеді, бұл токсин синтезделмейді, ол бұзылмаған клеткада болады.

Вирусты инфекцияда белгілі бір клеткалар және ткандерге арнайы ақуыздарымен қоздырғыш жабысады. Инфекциялық процестің даму кезеңінің негізгі жұғу, яғни, микроорганизмнің макроорганизмге енуі, оның бейімделуі.

Инфекциялық процестің ағысына инфекциялық доза, яғни жұғу кезінде организмге түскен қоздырғыштың тіршілігі жойылмаған мөлшері әсер етеді.Бұл прцесс “кіру есігі” арқылы жүзеге асады. “Кіру есігі” микроорганизмдер үшін әр түрлі, мысалы: тыныс жолдарының кілегей қабаты (тұмау, менингокты жұқпалы ауру), асқорыту жолдарының кілегей қабаты т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет