Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі



бет7/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
№1

2-ші тармағы: қоздырғыштардың таралу механизмі. Қоздырғыштар түр ретінде бір организмнен екінші организмге ауысса ғана сақталады. Бұл процесс үш тізбектен тұрады.

Біріншіден, организмнен “жұқатын бастаманың шығуы, екіншіден қоздырғыштың қоршаған ортаға түсуі, үшіншіден қоздырғыштың жаңа организмге енуі.

Қоздырғыштардың таралу механизмдері:


  1. Ауыз – ішек механизм, ішек жұқпалы ауруларының таралатын жалғыз жолы, (қоздырғыштар асқорыту – ішек трактісінде)

Таралу жолдары: су арқылы, алиментарлы (тамақ) жол, яғни көптеген тағамдар микробтардың сақталуына, көбеюіне қолайлы орта, тұрмыстық қарым – қатынас, яғни сырқаттың қолданған заттарынан осы жағдайда аурудың таралуына шыбындар себепкер болады.

  1. Аэрозолды механизм, яғни қоздырғыштардың тыныс алу жүйесінде болуынан жұғады, ол ауа-тамшылы жолмен, яғни сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде және ауа-шаңмен таралады.

  2. Трансмиссиялық механизм. Инфекцияны таратушылар (бит, кене, бүрге, маса) яғни қоздырғыштар қанда болады. Инфекция инокуляциялық жолмен (маса шағудан, безгек) немесе контаминациялық (теріге үйкелеу, риккетсиялардың биттермен енуі) жолмен таралады.

  3. Жанасу (контактілі) механизмі: инфекция көзімен тікелей жанасу және қоздырғышты тері, шырыш қабаттарына енгізу (құтырма); тікелей емес жолмен жұғу, яғни тұрмыстық заттармен.

  4. Вертикалды механизм: ұрықтың іште даму кезеңінде (токсоплазмоз, қызамық) немесе жыныс жолдарымен туу кезінде (вирусты гепатит, герпетикалық инфекция) жұқтырады. Қазіргі уақытта жасанды (артифициалды) яғни медициналық жолмен жұғу механизмі қалыптасқан. Ол инвазивті диагностикалық және емдік процедуралармен байланысты. ВГВ, ВГС, ВГД, АИТВ/ЖҚТБ аурулары гемоконтактілі механизммен таралудың мысалы болып саналады, яғни қан құю, парентеральды инъекциялар кезінде, сонымен бірге жыныстық жолмен таралады.

3-ші тармақ: қабылдаушы организм – эпид процестің үшінші тізбегі; жұқпалы ауруларды қабылдау қоздырғыштың сипатына және макроорганизмнің жағдайына байланысты болады. Организмнің қабылдау қабілетіне арнайы (специф) иммунитет әсер етеді, егер адамда туа пайда болған иммунитет болса, ауруды қабылдамайды. Ауруды қабылдамау жасанды жолмен (вакцина, анатоксин, иммундыглобулин енгізу), яғни жасанды иммунитет қалыптастыруымен жүзеге асырады. Жұқпалы ауруларды қабылдау организмнің стрестік жағдайына, жүйке күйзелісіне, шаршауға т.б. факторларлар әсеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет