ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Жұқпалы ауруларды жан-жақты тексеру арқылы нозологиялық диагноз қоюға болады, оның нәтижесі ұтымды патогенетикалық, этиотропиялық ем тағайындауға, эпидемияға қарсы шараларды уақытында жүргізуге мүмкіндік береді.
Басқа аурулардағыдай жұқпалы аруларда сырқатты тексеруді анамнездер жинаудан бастайды:
Субъективті, яғни сұрау арқылы ақпарат жинау.
Сырқат шағымы: аурудың қалай басталғанын, дене қызуының ұзақтығын, ауырсыну сипатын,бөртпе орнын т.б. сұрайды.
Жұқпалы ауруларда аса маңызды анамнез «эпидемиологиялық анамнез» жинау себебі; ол арқылы инфекция көзін, таралу жолын анықтауға мүмкіндік туады. Сырқаттан сұрау жүргізу барасында: жұқпалы ауруы бар сырқатпен және малдармен қарым – қатынас деңгейі, егулер алуы, тамақтануы, социалды - әлеуметтік жағдайы, жұмысы т.б. сұрақтар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |