Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі


Температуралық реакцияның бірнеше түрін ажыратады



бет11/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
№1

Температуралық реакцияның бірнеше түрін ажыратады:

  1. Тұрақты лихорадка – дене қызуы тұрақты жоғарлайды, тәуліктік өзгерісі 10С.

  2. Әлсіреткіш қызба – дене қызуы төмендегенде қалыпты деңгейге түспейді, тәуліктік өзгерісі 10С; 20С аспайды.

  3. Интермиттеуші лихорадка өте жоғары температура қалыпты температурамен алмасады, өзгерісі 3 – 40С.

  4. Гектикалық қызба тәуліктік өзгерісі өте жоғары

(3-50С), дене қызуы қалыптыға дейін жетеді.

  1. Қайтармалы қызба дене қызуы бірнеше күн бойы жоғарыдан төменгі нормаға дейін түседі.

  2. Толқын тәріздес қызба – дене қызуы біртіндеп өте жоғары көрсеткішке жетіп біртіндеп қалыпты көрсеткішке дейін түседі. Интоксикация синдромының білінуі есінің бұзылуы (эндотоксинемиядан). Есінің бұзылу түрлері: - ұйқышылдық, ступор, сопор, өте терең ұйқы(кома).

Бұл жағдайда ұйқысы бұзылады, сырқат мінезі (эйфория, мазасыздық, апатия т.б.) өзгереді. Уланудың шегіне жеткен деңгейінде бас ауруы, бұлшықет, буындары ауырсыну, жүрек- қан тамырлар жүйесі өзгереді. Улану кезінде сырқатта бас ауру, ыстықтау, қатты терлеу, жалпы әлсіздік т.б. болады.

Жұқпалы ауруларды жалпы қарап тексергенде тері жамылғы және шырыш қабатта өзгерістер болады:терінің бозаруы, сарғаюы қызаруы, көзіне қан құйылуы, көгеруі, тері тургорының төмендеуі т.б.

Жұқпалы ауруларда теріде бөртпелер жиі кездеседі. Бөртпені анықтауда оның пайда болу уақытына, орнына, мөлшеріне, бір – бірімен бірігуіне т.б. назар аударады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет