Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі



бет15/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
№1

Вирусологиялық әдісте алынған материалды арнайы өңдеуден өткізіп, вирустарды өсім ортасында өсіру арқылы жарық бергіш микроскоппен тексереді.

- биологиялық әдіс әсіресе бактериалды инфекцияларды (сарып, лептоспироз, туляремия анықтауда маңызы зор. Бұл үшін теңіз шошқаларын, мысықтарды, тышқандарды, сырқаттан алынған (қан, бубоннан жағынды) материалдары тері астына, құрсақ ішіне т.б. жолмен егу арқылы жүргізіледі.

- иммунологиялық әдістермен тексеру (МФА; иммунофлюоресценция) диагностикалық сарысуларды қолдану.

2. Қосымша әдіс, яғни, сырқат организмінде қоздырғыштардың болуын анықтайды.

- серологиялық әдіс – қан сарысуынан вирусқа, бактерияға т.б. қарсы антитела түрін анықтау., серологиялық реакциялардың 1- ші аптаның соңы, 2-ші аптаның басында қорытындысы (+) оң болады, кейіннен антитела титрі жоғарлайды, сондықтан 7-10 күн үзіліспен қайталап тексеру қажет. Зертханалық жағдайда серологиялық реакциялардың түрлері: агглютинация реакция (РА) пассивті гемагглютинация (РПГА); РСК; РТГА.



- аллергологиялық әдіс, организмнің қоздырғыштарының антигеніне сезімталдығын тексеру; ол үшін тері ішіне 0,1 мл аллергенді білектің алдыңғы 1/3 бөлігіне енгізіп 24-48 сағат қорытындысын бағалайды, сырқатта ауру болған жағдайда еккен жерде инфильтрат және қызару болады. Бұл әдіс аурудың 5-10 күніне қарай оң қорытынды береді.

3. Арнайы әдіс: аспап, құралдар көмегімен (ректромоноскопия, УЗИ, рентгенологиялық тексеру, гистологиялық әдіс, компьютерлік томография) тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет