Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі



бет4/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
№1

Арнайы иммунитет.Қоздырғыштың организмге енуіне жауап ретінде иммунды глобулиндер (гуморалды) және және Т – лимфоциттер белсенділігі (клеткалық иммунитет) пайда болады. Иммундыглобулиндер В –лимфоциттер жүйесінен пайда болған өнім және организмнің арнайы гуморалды қорғанысына қатысады. Клеткалық иммунитет Т – лимфоцитте және макрофактор қосылуынан тұрады (толығырақ микробиологияны қарау).

Қоршаған орта. Инфекциялық процесс дамуына қоршаған орта әсері зор, себебі ол микроорганизмге және макроорганизм реактивтілігіне әсер етеді. Мысалы: физикалық, биологиялық, химиялық факторлар, экология жағдайы, әлеуметтік фактор т.б. маңызы зор, ұзақ мерзімде қолданған медициалық препараттар (цитостатиктер, гормондар, радиация әсері) имунды жүйені күйзеліске келтіреді.Қазіргі заман талабына сәйкес экология жағдайы күрт төмендеп кеткені, табиғат апаттарыда инфекциялық процесс ағысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан макроорганизмнің жағдайын жақсартуға (салаутты өмір сүру, жағымсыз әрекеттерден сақтану, қоршаған ортаны тазарту т.б.) алдын ала жүргізілген шаралар тиімді нәтиже берері анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет