Келесі сөзді Жамбыл атасының ізін жалғап келе жатқан оқушыларымызға берейік
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім....
« Халық –менің шын атым.
Жамбыл деген – жай атым,
Халық – менің шын атым,
Жай –құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес – менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған..
Балама хат.
Хатыңды, балам ,оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді,
Болыпсың , балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.
Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта» дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?...
1-жүргізуші
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл – айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |