Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш) Мақсаты


Нұрбол: Балам, сен барып молдадан білім ал. Әділет



бет3/11
Дата08.02.2022
өлшемі42,56 Kb.
#121951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сценарий Жамбыл 175 жыл

Нұрбол: Балам, сен барып молдадан білім ал.
Әділет: Жоқ, әке, бара алмаймын.
Нұрбол: Неге?
Әділет: Не оқытарын білмейтін молдадан құтқарыңыз. Мені қинамаңыз.
…Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын…
Батаңды маған бер, әке.
Тіліме менің ер, әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке.
Домбыра алып сөйлеймін
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң
Елде болар береке.
Нұрбол: Жоқ, мұныңа мен келісе алмаймын!
«Екейде елу бақсы, сексен ақын
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызға домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын»,- деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!"
Жүргізуші
Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.


Әділет:
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
Нұрбек: Отыр, балам. Болашағыңнан үлкен үміт күтуге болады екен. Берейін батамды:
-Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!
Түскен жолың даңғыл өмірің айдын болсын,
Домбыра- садақ, өлең -оқ орнымен жұмсай біл,
Шыншыл, әділ бол, көптің ойындағысын тап, сөзін сөйле.
Дүшпаныңа әрқашанда батыл бол,
Әрқашанда адал бол, жөн іске қамал бол,
Жаманға — қашық, жақсыға -асық бол.
Таусылмайтын — дәулет, тозбайтын сәулет берсін.
Сөзің- асыл, ғұмырың -ғасыр болсын,
Береке дарып, бақ қонсын, Әумин!

жүргізуші: Сүйінбайдан бата алған Жамбылдың ақындық өмірі көп шығармашылық адамдардың маңдайына бұйырмаған машақаты мен бақыты мол тағдыр жазуы екенін мойындайсыз.
Жамбыл тек төкпе ақын ғана емес, сонымен бірге тамашы жыршы да күйші болған. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр-қиссаларын жатқа білген, сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет