Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш) Мақсаты


Ендеше Құлманбет пен Жамбыл айтысынан үзінді болсын



бет5/11
Дата08.02.2022
өлшемі42,56 Kb.
#121951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сценарий Жамбыл 175 жыл

Ендеше Құлманбет пен Жамбыл айтысынан үзінді болсын
жүргізуші
Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрстіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген қазақ Гомерінің асыл мұрасы- қазақ тарихының да жетістігі. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! қазақтың ұлы ақыны, жыршысы, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған – «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кешімізді «Мен тәуелсіз қазақ қызымын» атты әнімен аяқтайық. Назарларыңызға рахмет!




3-оқушы Аттандыру
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған....
4-оқушы: Балама хат.
Хатыңды, балам ,оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді,
Болыпсың , балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.


5-оқушы:Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта» дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?...

2-оқушы Ленинградтық өренім.
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім....

1-оқушы: « Халық –менің шын атым.
Жамбыл деген – жай атым,
Халық – менің шын атым,
Жай –құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес – менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...


2-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет