Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш) Мақсаты


Ерасыл: Балам, сен барып молдадан білім ал. Абылай



бет6/11
Дата08.02.2022
өлшемі42,56 Kb.
#121951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сценарий Жамбыл 175 жыл

Ерасыл: Балам, сен барып молдадан білім ал.
Абылай:Жоқ, әке, бара алмаймын.
Ерасыл: Неге?
Не оқытарын білмейтін молдадан құтқарыңыз. Мені қинамаңыз.
Абылай Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын…
Батаңды маған бер, әке.
Тіліме менің ер, әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке.
Домбыра алып сөйлеймін
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң
Елде болар береке.
Ерасыл: Жоқ, мұныңа мен келісе алмаймын!
«Екейде елу бақсы, сексен ақын
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызға домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын»,- деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!"
Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.
Абылай:
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
Сүйінбай: Отыр, балам. Болашағыңнан үлкен үміт күтуге болады екен. Берейін батамды: -Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!
Түскен жолың даңғыл өмірің айдын болсын,
Домбыра- садақ, өлең -оқ орнымен жұмсай біл,
Шыншыл, әділ бол, көптің ойындағысын тап, сөзін сөйле.
Дүшпаныңа әрқашанда батыл бол,
Әрқашанда адал бол, жөн іске қамал бол,
Жаманға — қашық, жақсыға -асық бол.
Таусылмайтын — дәулет, тозбайтын сәулет берсін.
Сөзің- асыл, ғұмырың -ғасыр болсын,
Береке дарып, бақ қонсын, Әумин!
Құлманбет
Құлманбет – менің атым, құлан аян,
Менің құлан екенім тәңірге аян.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр?
Жамбыл
Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін,
- Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан –
Құлманбет
Албан аға болғанда, Дулат іні,
Сөзінде Құлманбеттің барма міні.
Албан, Дулат бәрі кеп айқай салса,
Шапыраштының не болар көрген күні?!
Қасқарау Нұрқанның жылқысын қаптатсам,
Шапырашты, сенің бұзау, танаң қырылады
Жамбыл
Сөйлесем өдеңімді түптен бермен,
Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.
Мылтықта түтеп тұрған мен бір пыстан.
Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,
Байлығыңа байлығым еп келеді.
Кісіні дым білмейтін тапқандай – ақ,
Есіріп көрген жерден ентеледің? –
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет