Тотығу – тотықсыздану реакцияларының жіктелуі.
Молекула аралық тотығу – тотықсыздану
реакциялары. Бұл реакцияларда тотықтырғыш атом және тотықсыздандырғыш атом әртүрлі заттарға жатады. Ол жәй немесе күрделі заттар болуы мүмкін.
Молекула ішілік тотығу – тотықсыздану
реакциялары. Бұл реакцияда тотықтырғыш атом және тотықсыздандырғыш атом бір молекуланың немесе бір ионның құрамында болады.
Диспропорциялану реакциясы.Бұл реакцияда
аралық тотығу дәрежесіндегі бір атом не ион тотықтырғыштың да, тотықсыздандырғыштың да рөлін атқарады.
Конмутация реакциясы. Молекулаішілік
тотығу дәрежесі өзгереді.Аралық тотығу дәрежесі бар элемент өнім болады.
Қорытынды: Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар — жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар.Цисплатин - кешенді қосылыс,Pt – кешен түзуші.
Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4·5H2O, аммиактар CaSO4·4NH3, ашутас KAl(SO4)2·12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады. Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Кешенді қосылыстардың атауы кейбір электрбейтарап молекулалардың – лигандалардың қалыптасқан аты бойынша аталады, мысалы: H2O – аква, NH3 – амин, NO – нитрозил, т.б. Егер лигандалардың саны бірнешеу болса, олардың санын грекше көрсетеді: 2 – ди, 3 – три, т.б. Кешенді қосылыстар су ерітіндісінде диссоциацияланады. Кешенді қосылыстар химиялық талдауда, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алуда, тазартуда т.б. қолданылады. Кешенді қосылыстардың өсімдіктер мен жануарлар организміндегі биологиялық зат алмасу процестеріндегі маңызы зор.
Химияда тотығу-тотықсыздану реакциялар өте көп таралған. Мысалы, аммиак, азот қышқылы, күкірт қышқылын алу, электролиз (анодта электрхимиялық тотығу, катодта электрхим. тотықсыздану), жану процесі, металдар коррозиясы, фотосинтез, т.б. маңызды биологиялық құбылыстар тотығу-тотықсыздану реакциялар процесіне жатады. Тотығу-тотықсыздану реакциялар өнеркәсіпте және техникада көміртек оксидтерін, таза металл, т.б. алуда кеңінен қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.
Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1987.
Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы, 2003.
Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1988.
Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Интеграл-Пресс, 2000.
Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.
Хомченко Г.П., Севастьянова К.И. Окислительно-восстановительные реакции. М.: Просвещение, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |