Тақырыбы: Кешенді қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Орындаған: Амангелдиқызы Әсем Тексерген: Азимбаева Гулбайра Ералиевна Алматы 2021



бет8/11
Дата11.02.2022
өлшемі77,93 Kb.
#131522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
химия сөж 14 апта (2)

Электрон-ион әдісі бойынша жалпы иондық реакцияларды құру ережесіне сәйкестеп реакция сұлбасын құ-рады. Күшті электролитті ион түрінде, бейэлектролит пен әлсіз электролиттерді, газдарды және тұнбаларды молекула күйінде жазады. Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты. Себебі реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының стехиометр. коэффицеттерін табудың бұлардан басқа А.Гарсиа, электронды баланс, матем. әдістері де бар.
Элемент ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады.
Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады.
Тотықсыздану – тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі. Тотықсыздану кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі кемиді. Мыс., атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға; оң зарядты ион электрон қосып алса заряд саны кеміген оң зарядты ионға, бейтарап атомға, теріс зарядты ионға айналады. Органикалық заттардың Тотықсыздануы еселі (қос және үш) байланыстарды толық немесе бөлшектеп қанықтыру арқылы жүретін сутекті қосып алу реакциялары (гидрлеу), жай байланыстардың сутекпен ыдырауы (гидрогенолиз), элиминирлеу (органик. заттардан оттекті бөліп алу), т.б. болып табылады.
Тотығу – элементтің немесе қосылыстың тотықтырғышпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет