Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»



бет6/10
Дата17.01.2022
өлшемі79,72 Kb.
#129386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тренинг ұстаздар

Сабақтың барысы:

Психологтың кіріспе сөзі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында айтқандай: “Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім”.Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқтыу үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сараптанып жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан жақты білімі қажет.



1.Амандасу /тренинг/




2 .Мұғалім туралы сөз

Дүниеде мұғалімдіктен артық мамандық жоқ.Бұл өте қиын, күрделі міндет.Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен –күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім-білімді, интеллектуалды, ғылым мен саясаттан жан-жақты хабардар болуы керек. Балалар терең білімді, адамгершілік және та нымдық тәжірибесі мол, мінезге бай мұғалімді жоғары бағалайды.Әділетсіздік, ашуланшақтық, дөрекілік-мұғалім бойындағы ең үлкен кемшіліктер.

Мұғалім-мектеп атты үлкен шаңырақтағы ата-ана.Ал, шаңырақ қазанында қайнап піскен ас-ғылым, білім, мәдениет бала жан дүниесінде ең керекті дәрумен және рухани азық. Жасөспірім ұрпақты тәрбиелеу процесі өте қиын. Себебі-адамдардың жан дүниесі, санасы өте күрделі, мінез-құлқы біркелкі емес.Ал мұғалім мінезі балалрмен қарым-қатынас кезінде бірқалыпты, ұстамды, ал көңіл-күйі жаймашуақ болғаны абзал.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет