«Мамандық қасиеттері» тренингі 5 минут Жүргізуші психолог:Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.
«Жасырылған мамандықты тап!» тренингі 5 минут Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 - топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.
«Ең, ең...» ойыны 3 минут Нұсқауы. Оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Төменде берілген мінездемелерге сәйкес келетін мамандықтардың атауларын жазып, айтулары керек.
ең жасыл мамандық...
ең тәтті мамандық...
нағыз ақшалы мамандық...
ең қауіпті мамандық ...
«Әріпті мамандық» ойыны 7 минут Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
Мысалы: І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».
агроном күзетші журналист биолог
“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” - деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.