Тақырыбы: Математиканы оқытудың ғылыми әдістері Орындаған: Болат Н. Тобы: 109-26А Қабылдаған: Рахымбек Д. Мазмұны кіріспе



бет9/15
Дата08.07.2020
өлшемі167,23 Kb.
#74965
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
курсовой Назерке презентация
опрос, опрос, Статья Джаманкараева М.А. ЮКГПИ Принцип максимума, 30010537, 30010537, 30010537, 30010537, механика

2.2. Салыстыру. Талдау және біріктіру Салыстыру. Таным әдістерінің ішінде ең көп тараған және әмбебап әдістердің бірі – салыстыру. Зерттелінетін объективтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталынады. Ғылымда салыстыра отырып байқау және өзгерісті айыра алу, адамның ойлау қызметінің негізін қалайтындығы тағайындалған. Салыстыруға жүгінбей бір де бір қарапайым ұғымның өзін құруға болмайды. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін мынадай шарттар орындалу қажет.Тек біртекті объектілерді салыстыруға болады. Объектілерді бірдей белгісі бойынша салыстыру, ол толық болып аяғына дейін жеткізілу тиіс.К.Д.Ушинский “дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болуы керек”, – деп есептеген. Салыстыра білуді мақсатты қалыптастыру үшін салыстырылатын объектінің нақтылы құрамын, құрылысын оқушылар айқын біліп алуы қажет. Салыстыра білудің мүмкін болатын бір нұсқасы мынадай. Салыстыру деген, бұл: а) оқылатын объектілердің елеулі белгілерін бөліп көрсету; ә) объектіні басқадан бөліктеп тұратын белгілерді табу; б) осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру. Математикадан сабақ беру кезінде салыстыруды жүйелі және жоспарлы қолдану, білімді тереңдетіп және тиянақтап қана қоймай оқушылардың математикалық ойлауын, жасампаздық және танымдық қабілетін дамытады, ойлау қызметін белсендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет