Тақырыбы: Микки Маустың туған күні! Мақсаты: Игерген білімдері мен біліктіліктеріне сұраныс



Дата12.12.2019
өлшемі20,04 Kb.
#53510
Байланысты:
Миккей Маус Сабак

Тақырыбы: Микки Маустың туған күні!

Мақсаты: Игерген білімдері мен біліктіліктеріне сұраныс.

1.Балалардың ағылшын тілінен жыл бойы алған білімдерін бекіту.Балалардың мерекелер туралы яғни, туған күн мерекесі жайлы түсініктерін жетілдіру.

2.Балалардың есту, сөйлеу, көру дыбыстық құралдарын, көрнекіліктерін кеңінен пайдалану арқылы есте сақтаудың, сөйлеудің түрлі анализаторларын дамыту.

3.Ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Әуе шарлары, сандықша, қалпақтар, гүлдер, балауыз, муляждар, саусақ қуыршақтары, тақырыптық суреттер.

Кейіпкерлер: Микки Маус, қоян, түлкі, аю, жолбарыс.

Сабақтың барысы:

Топ туған күн кешіне сай безендірілген. Балалар топта жартылай шеңбер болып тұрады.

-Педагог балалармен ағылшын тілінде амандасады. Балалар, сендер мерекені жақсы көресіңдер ме?

-Балалар: Иә, әрине!

-Педагог: Сендер қандай мерекелерді білесіңдер?

Балалар: Аналар мейрамы, жаңа жыл, жеңіс күні,туған күн!

Педагог: Дұрыс айтасыңдар. Айтқандай балалар, бүгін біздің Англиядағы досымыз Микки Маустың туған күні ғой.Ол бізге шақыру қағазын беріп жіберген.Мен оны сендерге оқып берейін.



I.Шақыру хаты

«Good morning dear friends! How are you? I have my birthday. And I invite you to my party. I want, that you come to me. See you late! »

Педагог: Балалар, қандай керемет! Ендеше не тұрыс қанекей жолға жиналайық.Балалар ал сендер мереке кештеріне, яғни туған күн кешіне не кию керектігін білесіңдер ме?



1-бала: Ең әдемі киім кию керек.

Педагог: What do boys and girls wear?



2-бала: Dress, shoes, hat

3-бала: Shirt, pants, shoes, hat

Педагог балардың назарын әдемі қорапқа аударып, оны ашып ішінде не барын қарап көруге ұсыныс жасайды.Оның ішінде әдемі мерекелік қалпақтар бар екен.Педагог және балалар қалпақтарды киіп алады.

Педагог: Балалар, сендер өте әдемі болып кеттіңдер. Бірақ біз сонау Англияға қалай жетеміз? Ол алыста ғой.

Балалар: Көлікпен!

Педагог: Дұрыс көлікпен балалар ал сендер көліктің қандай түрлерін білесіңдер, атап беріңдерші?

Балалар: Train, plane, car, bus

Педагог: Дұрыс айтасыңдар. Ал ендеше ғажайып автобусқа мінейік!Балалар жаңа ғана айтқанымдай бұл жай емес ғажайып автобус қой оған мініп орын алу үшін сендер ағылшын тілінде өз есімдеріңді айтуларың керек.

Педагог: -What is your name?

Балалар: -My name is……(Аслан)

Педагог: Go to the bus and take your seat.



«The wheels on the bus go» әнін орындау.

Педагог: балалар қараңдаршы, біз Англияға келіп те қалдық! Анау тұрған біздің досымыз Микки Маус қой!Қанекей түсуге дайындалыңдар!



II.Микки Маус пен кездесу!

Педагог: Сәлем Микки достым! Біз сенің жолдаған шақыруыңды алып, сені туған күніңмен құттықтауды ұйғардық!

Микки: Oh, thank you very much my friends. Welcome, welcome! Where are you from?

Балалар: We are from Kazakhstan!

Микки: How old are you kids?

Балалар: I am 5…..

Назым: 1,1,1

Little dog run

2,2,2

Cats see you



3,3,3

Birds on a tree

4,4,4

Rats on the floor



5,5,5

What a tasty pie?

And how old are you Mickey?

Микки : I am 5 today!

Бір мезгілде есік тоқылдайды.

They are my friends!

-Hare : Fruits-«What is in the basket?»(Apple, pear, banana, grape)

-Bare: Baloons-«What colour is it?» (Red, yellow, green, brown)

-Fox: Finger dolls-«Members of the family» (Father, mother, brother, sister, baby)

-Tiger: Flowers-«Professions» (Teacher, doctor, miner, cook)



III. An exerсise- Parts of the body.

I see that you are so tired. Let’s rest a little.



IV. The greatest gift-Шығармашылық жұмыс (Құмыра ішіндегі гүл,сыйлық жасау)

Let’s make a gift for our friend.



V. Sing a song-«Happy birthday»Сыйлықты табыстау!

Happy birthday to you

Happy birthday to you

Happy birthday dear Mickey

Happy birthday to you

Микки Маус: It’s for you!

Балалар және педагог: Рахмет, саған Микки біз бұл тортты топқа барып жейміз.

VI. Conclusion.Топқа оралу сәті.Қорытындылау.

Let’s revive our lesson.

-Балалар, сонымен біз қай елге және кімге бардық?

-Англияға.Микки Маусқа.

-Микки Мауста қандай мереке болды?

-Туған күн! Birthday party!

-Ал біз оған қандай сыйлық жасадық?

-Құмыраға салынған гүл.

Thank you for answering today. Your work was very good. I am pleased with your work. And now our lesson is over! It’s time to say GOOD-BYE!



VII. Tea time and blowing a candle.

Food: Tea, cake, sugar



VIII. Saying «GOOD-BYE»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет