Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмек көрсету Орындаған: Алпысбай Мағжан Курс: 3 Тобы: 114-81


бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды жіктеу



бет9/14
Дата12.12.2021
өлшемі58,98 Kb.
#99731
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Инклюзив кейс Алпысбай Мағжан

2 бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды жіктеу

2.1 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік - тұрмыстық бағдар беру

«Мүмкіндіктері шектеулі балалар», «кеміс балалар», немесе «аномальды» балалар тобына психикикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулар бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды – ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны береді.

Бір ғана әрекеттің, қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бірақ, бір ғана кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде жалпы кемістік дамуға, ауытқуға әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмайды, олардың негізгі әркеттері сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасын әлі бұзбайды және жалпы білім беретін мектептерде оқуына да кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл кемістіктер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процесі қалыпты жағдайда өткен, дұрыс қалыптасқан.

Сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, солардың салдарынан арнайы оқыту мен тәрбиені қажет ететін балалар жатады.

Кеміс балалардың негізгі категориялары:

1. есту қабілеті бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);

2. көру қабілеті бұзылған балалар ( соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін);

3. сөйлеу қабілеті бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар логопаттар;

4. интелектуалды дамуы немесе ақыл –ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл ( ақыл –ойы, есі кеміс – кемақыл және психикалық дамуы тежелген балалар);

5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бұзылған (соқыр- мылқаулар, естімейтін – көрмейтін және ақыл – ойы жетілмеген, естімейтін т.б.);

6. тірек- қимыл аппараты зақымданған балалар;

7. психопатиялық өзгерісі бар (жүріс – тұрысы, мінез – құлқы, тәртібі бұзылған) балалар жатады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың санының өсуі, оларды оқыту мен тәрбиелеу, қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.

Кемтар балалар – күрделі және әртүрлі кемістіктермен қалыптасатын ерекше топқа жатады. Кейбір кемістіктер жағдайға байланысты, толығымен түзелсе, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреулері тек жартылай толықтырылады, яғни жартылай өтеледі.

Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және өмірдің түрлі әсерлеріне әлеуметтік бейімделуіне әсерін тигізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білімді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шектеулі болады. Мінез – құлықтарының, тәртіптерінің өзгеруі де оқушылардың жалпы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте әртүрлі мамандықты игерсе, ал кейбіреулерінің меңгеру қабілеті өте төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.

Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы, олардың зерттеулерінің нәтижесі мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге көп себебін тигізеді. Кемістіктердің түрлерін және олардың себептерін талдап, әсерін анықтап, жіктеуге, топтастыру үшін үлкен ғылыми жұмыстар жүргізіліп, дефектология ғылымының дамуына әсер етеді.

Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керек.

Әлеуметтік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады, мүгедектігін төмендетеді, мүгедектіктің одан ауыр түрінен сақтандырады. Сондықтан да бала мен отбасына әлеуметтік бағдар беру жүйесі өзгерістер мен жаңалықтарды аса қажет етеді.

Ең алғаш «әлеуметтану» термині ХІХ ғасырда Америка әлеуметтанушысы Фланклин Гидданстің «Әлеуметтану» теориясы еңбегінде жазылды. Бұл кітапта «Әлеуметтану – тұлғаның жаратылысы, мінез – құлқы немесе әлеуметтік табиғатының дамуы»деген түсінік берілген.

Педагогика ғылымында әлеуметтену тәрбиемен, оның маңызы, мәні және даму тенденцияларымен (бағыттары) байланыстырылып қаралады. Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм (ХІХ ғасырда) «Әлеуметтану – баланың әр кезеңмен әлеуметтік ортадан алатын әсері, ата- ана мен мұғалімнің қалыптастыруы» деп түсіндіреді. Ал, тәрбие беру үрдісінің орны өз алдына бір бөлек. Өйткені тәрбие жеке тұлғаның бейімділік қабілеттерін де жетілдіреді.

Адамның әлеуметтану процесін 3- кезеңге бөлуге болады:

1. Бастапқы әлеуметтенуі немесе баланың әлеуметтенуі;

2. Аралық әлеуметтенуі немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі;

3. Орнықты немесе бір жола әлеуметтену;

1 – кезең негізінен, отбасында және бала – бақшада тәрбиелену кезеңімен;

2 - кезең 17 - 18 жасқа дейінгі мектептегі оқу -тәрбие кезеңімен сәйкес келеді;

3 - кезең жасөспірім шақтан ересек шаққа өту кезеңі, яғни, 18 – 25 жастар арасын қамтиды.

Бұдан кейін әлеуметтенген, қалыптасып біткен адамның әрі қарай дамуы мен бейімделуі басталады. Демек, қазіргі заманғы адамның әлеуметтену дәуірі, негізінен, оқу арқылы білім мен тәрбие алу кезеңіне сәйкес келеді.

Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандарының негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік – экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен отбасында тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамның бұл қалыптасу үрдісі социологияда әлеуметтендіру деп аталады. Яғни, әлеуметтендіру дегеніміз – қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез – құлық нормаларын белсенді түрде меңгеру мен жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық рөлдер үрдісіне қосу болып табылады.

Тұлғаның әлеуметтенуіне тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.

Мысалы, баланың арнайы мектеп – интернатына келуінен бастап, оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде дайын болуы керек. Алдымен бала едәуір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс - әрекет жасауға дайын болуы тиіс. Арнайы мектеп интернаттары педагогтеріне психологиялық тұрғыда дайын оқушы оқытып – тәрбиелеген өте қолайлы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектеп – интернатқа дайындау кезеңінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана оқу – тәрбие үрдісіне түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу керек.

Негізгі жұмыстар:

1. Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

2. Балаға субьективті қарым – қатынас жасау;

3. Баланың жақын арадағы «даму аймағын» ескере отырып, жеке қарым – қатынас жасау;

4. Баланың қызығушылығын туғызатын, оларды жандандыратындай түзету – дамыту сабақтардың көпшілігін түрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып жүргізу;

5. Балалармен педагогтердің қарым – қатынасы әрқашанда достық және мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс - әрекетіне қолданбау;

6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру. Бұл бала қабілетінің дамуына ерекше әсерін тигізеді. Сонан соң тек (1,2,3,4,5) баға ғана бермей, істелген жұмысының «жақсы» және «жаман жақтарына баланың өзіне талдау жасауды үйрету».

Алдымен педагог жұмысқа талдау жасауды балаға өзі көрсетеді. Ол әр жұмысты мейлінше мейірімділікпен әңгімелей отырып, қателіктерін баланың жанына ауырлық тигізбей жеткізеді. Мұндай талдау бала мен педагогтың арасындағы қарым – қатынастың сақталуына және баланың өзін - өзі ұстай білуіне септігін тигізеді.

Бірінші кезекте арнайы білім беру мекеме педагогтері балаларды өзінің эмоциясымен қызықтыруы керек. Эмоционалды тұрғыдан берілген сабақ баланың бүкіл берілген мағлұматты тез қабылдап, оны есіне сақтап қалуына көп әсерін тигізеді. Сондықтан да сабақтар да қойылымдарды қолдану, әуенді пайдалану, сурет салғызу, яғни арттерапия әдістемесі баланың жан – жақты ашылуына көп көмегін тигізеді.

Ал, топпен жұмыста баланың саны жұп болуы шарт. Егер бұл топтардағы балалардың психологиялық ауытқулары болса, топ 6 – 8 адамнан тұратындай болуы қажет. Өйткені көбінесе сабақ командалық жарыстар түрінде өтілуі керек. Ал, сабақ арасында демалыстар немесе сергіту сәттері, ойындар міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Осы кездегі ең қиыны – баланың танымдылық қабілетін арттыру. Егер ондай қабілеттері болмаған күнде оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын болады. Бұл олардың танымдық қабілеттері мүлдем дамымай қалады деген сөз емес, шала күйінде қалады деген сөз.

Міне, осы кезде баламен ойын терапиясын жүргізу керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүмкіндігінің деңгейін төмендетуді мақсат ете отырып, халқымыздың ұлттық ойындарымен қоса коррекциялық ойындардың жаңа түрлерін қолдану қажет. Коррекциялық ойындар баланың психикалық саулығын сақтау мен нығайтуда аса маңызды рөл атқарады. Себебі, бала ойын барысында жеңіске жетуге тырысады да, берілген тапсырманы тиянақты орындап шығады. Ал, ойын барысында әртүрлі әрекет болғандықтан, қиындық туған кезінде баланың жеңістен де бас тартатын кездері болады. Сол кезде көмекке педагогтың өзі келуі қажет. Көмек арқылы жеңістің дәмін сезіп, бала екінші қайтара жеңілмеуге бел буады. Сонымен жеңіс енді баланың мақсат қоюына ықпал етіп, күнделікті іс-әрекетке айналады.

Яғни, баланың мотиві екінші жоспарға айналып, іс-әрекет бірінші жоспарға шығады.

Бұдан кейін бала өзінің тапсырманы орындай алатынына сенімділігі артып осындай жұмыстарды жасауға қызығушылығы көбейе түседі. Ол көз алдында өсіп, жаңа іс - әрекеттерді жасауға құлшынып, білімнің немесе оқудың субьектісіне айналады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен осындай әлеуметтік – педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде баланың жалпы даму деңгейі көтеріліп, өз бойындағы кемістіктерін қалпына келтіруге, қабілеттерін көрсетуге, қарым – қатынаста өзін басқара алуға және қоршаған ортаны танып білуге үйренеді.

Есту мүмкіндігі шектеулі балаларды жарқын өмірге бейімдеп, тәрбиелеу үшін қажырлы еңбек пен ерінбей іздену қажет.

Естімейтін баланы ортаға икемдеп, тәрбиелеп, оқытып, санасын ояту оңай жұмыс емес. Бұл дәрежедегі баланы қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау және жан – жақты дамыту мақсаты жүйелі түрде жүргізілген, ұйымдастырылған жағдайда ғана нәтиже шешілуі мүмкін.

Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау

Балалардың ересектер өміріне қиыншылықсыз араласып кетуі үшін, бүгінгі өмір жағдайы әлеуметтік – тұрмыстық бағдарламасына өзгерістер енгізуді талап етті. Халықтың негізгі бөлігінің өмір деңгейінің үнемі төмендеуі және саяси тұрақсыздық жағдайында адамдардың, әсіресе ақыл – ойы дамуында кемшіліктері бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық жағдайларға бейімделу үдерісі қиындады.

Осыған байланысты оқушыларды арнайы (түзету) мектептерде мақсатты түрде экономикалық дайындаудың қажеттілігі туындап отыр.

Соңғы жылдары көмекші мектепті бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселелері өте қиын шешілуде. Оған тек жұмыс орнының аздығы ғана емес, бітірушілер жұмысқа орналасқан соң да еңбек үдерісіне бірден араласып кете алмайды, тәртіп талаптарын орындамай, ұжымда, өз орнын таба алмаған себептерінен 1 – 2 айдан кейін жұмыстан шығып қалады. Сондықтан да, мүмкіншіліктері шектелген оқушыларды ең маңызды білімдер мен мектепте қамтамасыз ету мәселері көтерілді:

а) өзі туралы біліммен ;

б) тәртіптің бейімделген түрлерін қабылдау барысында әсерлі - еркіндік саласындағы кемшіліктерінің бәсеңсуі мен осы өмірдегі өзінің орны туралы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет