2.4 ӘТБ сабақтарындағы оқыту түрлері мен әдістері
Мұғалім сабақтарда өтетін оқу материалының мазмұны мен шешімін анықтағанда, бағдарламаның қатысты тарауына сәйкес келетінін, материал көлемі мен күрделілігі жылдан жылға жоғарылайтынын есепке ала отырып, оқушылардың білімі мен икемділік талаптарына сүйенеді.
Түсіндіргенде тірек болатындар:
- әңгіме жоспары;
- тірек белгілері; сөздік сөздері мен өрнегі;
- схемалар;
- заттың технологиялық, жұмысты орындау, нұсқау карталары.
Әңгіме оқытудың негізгі тәсілдерінің бірі. Әңгіме күнделікті өмірде және өткен оқу жылында алған оқушылардың білімдерін бекітуге бағытталған. Мұғалім сабақты қорытындылағанда, жаңа материалды баяндағанда сабақ неғұрлым әсерлі өтсе соғұрлым ақыл – ойы дамымаған балалар материалды жақсы меңгереді. Оқу үдерісі тыңдаушымен тығыз байланыста өтсе ғана тиімді болып саналады.
Мұғалім сабақ барысында оқушыларды өз бетімен фактларды талдауға, қортындылауға ұмтылдыру керек. Оқушыларға өз бетімен диалогты құрудың өзі қиынға түсетінін ескере отырып, мұғалім олардың сөздік қорын кеңейтуге бағытталған жұмысты жүйелі түрде жүргізеді. Бағдарламаның «өзін - өзі ұстау мәдениеті», «Жеке бас және жанұядағы ара қатынас», «жұмысқа орналасу», «Іс бабымен қарым – қатынас», «Сауда», «Байланыс құралы» тараулары бойынша сюжетті рөлді ойындарды ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Берілген рөлдерді ойнау әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға, өтіп жатқан іске өзінің қатысын сезінуге мүмкіндік береді. Балалар өзінің және сыныптас жолдастарының тәртібін талдауға үйренеді. Жаңа материалдармен танысудың, бекітудің күрделі түрінің бірі проблемалы жағдайларды үлгіге келтіру. Ол өмірдегі адамдардың арасындағы қарым – қатынас кезіндегі туған жағдайлардан алынады. Сабақ жүргізудің бұл әдісін дұрыс және жүйелі түрде ұйымдастырғанда, балалар оған қызыға қатысады. Қарым – қатынас дағдыларын дамытуға, өзінің әрекетінің нәтижесін бағалауға, өзін басқа адамның орнына қоюға және болып жатқан жағдайды бағалауға бағытталған бұл әдістің түзету маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |