Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмек көрсету Орындаған: Алпысбай Мағжан Курс: 3 Тобы: 114-81


Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау – бұл арнайы түзету сабақтары



бет11/14
Дата12.12.2021
өлшемі58,98 Kb.
#99731
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Инклюзив кейс Алпысбай Мағжан

2.3 Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау – бұл арнайы түзету сабақтары

Сондықтан да мұғалім оқу – тәрбие үдерісін сабақ түрінде де және жаңа технологияларды пайдалана отырып басқаша да ұйымдастыра алады. Ең бастысы сабақ өмір шындығына жақындау болып, еркін түрде өту керек. ӘТБ сабақтарын сабақ кестесіне кіргізіп, күннің бірінші жартысында немесе сабақ кестесіне кіргізбей күннің екінші жартысында да өткізуге болады. Бірінші сабақта алған теориялық мағұлматтарды, екінші сабақта тәжірибе жүзінде қайталау жолымен бекіту үшін екі сабақты біріктіріп өткізуге де болады.

ӘТБ сабақтарындағы білім, икемділік дағдыларын бағалау туралы.

Ақыл – ойы дамымаған балалардың жұмысын, білімін, икемділік пен дағдыларын көп жылдық әдет бойынша, көпшілік мақұлдаған бес балды өлшем бойынша бағалау керек. Бағаны мұғалім түсіндіре отырып, сынып журналына және оқушының күнделігіне қояды.

Егер балаларды ынталандыратын, қызықтыратын бағалаудың жаңа түрі табылса өте жақсы.

Мектепте қабылданған орфографиялық тәртіп сақталған (шеті, күні, тақырыбы, жазба арасындағы аралық), ӘТБ сабақтарына арналған дәптерді жүргізу барлық оқушылар үшін міндетті. 96 беттік қалың дәптер 5- сыныптан 10- сыныпқа дейін жүргізіледі. Бағдарлама материалдарына қарай дәптерлерді 12 бөлікке бөлу керек. Дәптерге тараулар тізімі жазылып, беттері белгіленеді. 10- сыныптың аяғында дәптер анықтамаға айналып, онда мектеп бітірушілердің болашақ өміріне қажетті ақыл- кеңестер, іс қағаздарының үлгілері (жұмысқа өтініш, түйін, түсінік және т.б.) жинақталады, «Жұмысқа орналастыру» тарауы бойынша үйренген өтініш, өмір баян т.б. үлгілері жеке беттерге жазылады. Мұғалім оларды мұқият тексеріп, түзеткеннен соң ғана дәптерге көшіріліп жазылады.

Мұғалімнің жазуға ұсынған ереже, пайдалы кеңес, нұсқауларының және т.б. мазмұны бай, жазылуы қарапайым болуы керек.Оқушылардың қызығушылықтарын қолдап, белсенділігін арттыру үшін оларға мынандай тапсырмалар беріледі.

- схема мен сызбаны жасау;



  • суреттеме жасау;

  • кестені сызу және толтыру;

  • сөзжұмбақты шешу.

Мұғалім балалардың дәптерді жүргізуін үнемі қадағалап отыруға тиісті. Бірақ балалар дәптерді алдағы өмірінде де пайдаланылатын болғандықтан кері әсер қалдырмау үшін, дәптердегі жұмыстарды түзетуге және баға қоюға болмайды.

Керекті кезде дәптерді пайдалана білу үшін, балаларға дәптердегі жазбаларды жиі оқытып, қайталап отырған абзал. 10 – сыныпты бітірген кезде ӘТБ дәптері балалардың өздеріне беріледі.

ӘТБ бойынша үйге тапсырма берілмейді. Бірақ пәнге деген ынталықты қолдау үшін, балаларға баспасөз, көгілдір дидардан қызықты мағұлматтарды жинау тапсырылады. Қоршаған ортамен таныстарынан, туыстарынан мағұлматтар жинау туралы тапсырмалар беріледі.

ӘТБ бөлмесінің жабдықталуы

Бөлменің ішкі әлпеті санитарлық – гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай болу керек: бөлме өсімдіктері өсетін, оқушылардың сезімдік және психологиялық шаршағандарын басатын жайлы да кең бөлме болу керек.

Оқу бөлмесіндегі жиһаз тұрғын үй жиһазына сәйкес (қонақ, жұмыс бөлмесі, ұйықтайтын, ас бөлме және т.б.) болу керек.

Тәжірибелік жұмыстарды толық жүргізу үшін оқу бөлмесінде тұрмыстық техника заттары (шаңсорғыш, кір жуатын машина, тоңазытқыш, электр және газ пештері, телевизор, магнитофон, бейнемагнитофон және т.б.); ас үй құралдары (ыдыс – аяқ, ас ыдысы, шәй ыдыстары және т.б.); тазалық заттары (шелек, сыпырғыш және т.б.) жеткілікті мөлшерде болу керек.

Оқу бөлмесіндегі тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатында кезекшілер кестесі құрылады. Күнделікті сабаққа қажетті құралдар мен материалдарды дайындау, бөлмені сабақтан кейін тазарту кезекшілер міндетіне жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет