Қосалқы қуыстардың құрылымы мен топографиясы
Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қуыстар-жақ,маңдай,торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың жерлерінде орналасады.Барлық қуыстар жұп болып келеді және мұрын қуысынан сүйекті пластинкалар арқылы бөлініп тұрады.Тек жіңішке тесіктер арқылы ғана мұрын қуысынан жалғасады.Оларда шырышты бездер жоқ және тамырлармен аз ғана жабдықталған.Кірпікшелі эпителийлері бар жұқа шырышты қабықпен қапталған.
Маңдайлық қуыс
Маңдайлық қуыс (sinus frontalis) маңдай сүйегінде орналасқан, негізі төмен қараған үш қырлы пирамида тәрізді қуыс. Төрт қабырғасы бар: алдыңғы (беттік), артқы (бас қуысымен шектеседі), төменгі (көздің жоғарғы қабырғасы мен торлы сұйектің клеткалары), ішкі қабырғасы (перегородка) қалқа қойнауды екіге бөліп тұрады. Төменгі қабырғасында маңдаймұрындық канал (1-11.5см) бар, кейде тесік түрінде де болады. Бұл қойнаудың конфигурациясы мен көлемі вариабельді, кейде бұл қойнау мүлдем болмауы да мүмкін. Қанмен қамтамасыз етілуі: көз, жоғарғы жақ сүйек, самайдың беткей артериясы. Вена қаны маңдай және көз, жоғарғы сопақ синусқа құяды. Иннервациясы: алдыңғы торлы және көзүстілік нервпен нервтелінеді.
Гаймор қуысы
Кеңсірік қуысы (sinus maxillaris, sinus Highmori) - жоғарғы жақтың қолтығы, жоғарғы жағының сүйегінің қуысы, мұрын қуысының кілекейлі қабықшасының ілгері шығару арқылы ортаңғы мұрын қуысы ашылады. Гаймор қуысының төменгі қабырғасы өте жұқа, одонтогенді қабыну үрдісінің дамуынаәсер етеді және де тісті пломбылау кезінде қуысқа қалдық материалдардың түсуіне ықпал етеді.
Торлы лабиринт
Торлы лабиринт (labirinthus ethmoidalis) бір - бірімен және мұрын жолдарымен байланысатын ұяшықтар жиынтығы. Торлы сүйектің медиальды қабырғасы мұрын қуысының латеральды қабырғасы болып табылады. Ұяшықтары алдыңғы, ортаңғы, артқы болады. Қанмен қамтамасыз етілуі: алдыңғы және артқы торлы артериялары. Венозды қан мұрын қуысы веналарына, көз және мидың қатты қабығының веналарына құяды. Иннервациясы: алдыңғы және артқы торлы нерв, қанат-таңдай түйінімен жүзеге асады.
Қосалқы қойнаулардың ауруларының диагностикасында сырттан қарап тексеру керек. Пальпация мен перкуссия арқылы қойнаулар проекциясында ауыру сезімін анықтайды. Риноскопия арқылы мұрын жолдары мен қалқандарын қарау, қойнаулардың шырышты қабатына баға беру, кейде қойнау ішіндегі сұйықты Политцер баллоны арқылы сорып алады. Қойнаулардың тесіктерінің өтімділігін тексеру үшін зондтау жүргізіледі, ал жоғарғы жақ қойнауын мүлдем зондтамайды. Манипуляция алдында мұрынның шырышты қабатын үш рет жергілікті анестезиялаушы зат (1-2% дикаин ерітіндісі немесе 5% кокаин ерітіндісі) және тамыртарылтқыш затпен (3% эфедрин ерітіндісі немесе 0,1% адреналин ерітіндісі) сүртеді. Маңдай қойнауын зондтау үшін зонд-канюля (Лансберг) тиімді. Көруді қадағалай отырып, ортаңғы мұрын жолына енгізеді, зондтауды рентгенотелевизионды бақылаумен жасаған өте қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |