ГИПЕРМӘТІН №7
Ыбырай шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы.
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады.Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын «айрықша мәнді оқиға» деп атап, оны «қырғыздардың нақты білімінің бастамасы» деп санады.
Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың өте пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін «Қырғыз хрестоматиясының» бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар – қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар – ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеңін алдыңнан
Іздеме-ақ табылар – деп жазды Алтынсарин.
Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. «Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана» деп көрсетті Ы. Алтынсарин.Сонымен, Ы. Алтынсаринның ағарту идеясы қоғамда ғылым мен білімнің рөлін дәріптеуге бағытталған. әлбетте, бұл жерде қоғамдық өмірмен байланыстырылмай алынған ғылымның рөлін асыра дәріптегенін байқауға болады. Ы. Алтынсариннің орыс-қырғыз мектептерін ашуы, «Қырғыз хрестоматиясын» жазуы, қазақ ауылдарында орыс әдебиетін таратуы Қазақстан мәдениетінің дамц тарихында үлкен оқиға, революциядан бұрынғы дәуірде қазақ халқының рухани өміріндегі дамудың бастамасы болды.Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі оның демократиялық пікірлерінің айқын көрінісі еді. Ол еркі жоқ бұқараның қорғаушысы болып, езілген, сауатсыз халыққа жасаған қанаушылардың әділетсіздіктеріне, қастандықтарына, зорлық-зомбылықтарына, заңсыздықтарына қарсы шықты. Ол қоғам ауырпалықтарын, үстем таптар өкілдерінің ел үстінен күн көрген жарамсыз мінездерін өткір сынға алды.Өзінің шығармаларында Ы. Алтынсарин көбінесе жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады, себебі, оның шығармалары негізінен оқушы балаларға арналған еді. Ы. Алтынсарин оқушылардың көпшілігі болыс, ауылнай, сот болатынын жақсы білді. Сондықтан Ы. Алтынсарин оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз хрестоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді басты. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин «білімді орыстардың» жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті – қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.Ы. Алтынсарин тарихты терең білмеуі әлеуметтік әділетсіздіктің түп-төркіні қоғамыдқ-саяси қатынастарда екенін түсінуіне мүмкіндік бермеді. Надақтықты жою үшін олардың экономикалық негізін құртып, қоғамды революциялық жолмен жақсартып, халықтың экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету қажет.Ы. Алтынсарин замандастарын гуманизм тәрбиелеуге тырысты, оларды кедейлерге, бақытсыздыққа ұшырған адамдарға жәрдем беруге шақырады. Бай таптардың өкілдерін кедейлерге жәрдемдесуге шақырғанымен, іс жүзінде байлардың кедейлерге рақымсыздығын, олардың қарапайым халыққа жасаған заңсыздықтарына, әділетсіздіктеріне, озбырлығына куә болды. Бұл жағдай мәңгі болуы мүмкін емес, арамза мырзаларды жазалайтын күн де туар, деген ой ұшқыны Ы. Алтынсаринде де болды.Қазақ халқының мәдениетін дамытуға бағытталған Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі, оның езілген еңбекшіхалықты ашық жақтауы, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауы феодалдық үстем таптарға және ресми өкімет орындарына ұнамады.Өз дәуірінде Ы. Алтынсарин Қазақстанның экономикалық даму келешегі, қазақ халқының болашағы, оның қандай жолмен алға басатыны туралы аса құнды, терең ой-пікірлер айтты.Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады.
«Қырғыз хрестоматиясында» басылған «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптайды, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын, қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Достарыңызбен бөлісу: |