Тақырыбы: Оқыту үдерісінде халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру Орындаған



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі165,08 Kb.
#95456
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми зерттеу жұмысы Мансур Г.П., Мырзаахмедова Ж.Н. Мирас университеті
3 философияпр. сабақ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1 Халық педаогикасы арқылы жасөспірім жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру моделі

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді халық педагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есесптейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.


Ал Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан халықтық педагогика негізінде оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда оқушыларға патриоттық тәрбие беру ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.
Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой - пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын - жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырып келеді.
Халық педагогикасындағы білім өз мәні жағынан оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани – адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Халық педагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «Қазақстандық патриотизм», «Ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «Қазақстандық патриотизм ерекшеліктері» мен «Ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап жоғарғы оқу орындары жасөспірімдеріне патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын қадағаладық.
Ұлттық және жалпы қазақстандық намысты ояту мәселесіне келгенде қазіргі қоғамда демократиялық өзгерістерге орай жаңаша патриоттық мазмұн, оқушылардың рухани азығына айналып отыр.
Жасөспірімдер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс аға буындарының ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет.
Осы ретте біздің ұсынып отырған еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында «Халық педагогикасындапатриоттық тәрбие беру негіздері» атты факультативтік курс жүргізілсе деп ойлаймыз. Осындай шараларды қолға алмасақ қазақстандық патриотизмнің қозғаушы күші болып табылатын заңдар өзінен өзі жүзеге аспайды.
Сондықтанда үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асуы қалай деген мәселе басылым беттерінен көрініс табуы керек. Қазақстандық патриотизм қалыптастырудағы оң шешім болар еді.
Біздің көзқарасымызша мұндай позиция «шынайы патриотизм» түсінігі мәнін ашып көрсеткендей болуы керек. Бұл жерде ненің, дұрыс ненің бұрыс екенін бүкіл әлемдегі достықта емес, одан жоғары қарау позициясы анық байқалады. Жоғарыдағы айтылғанды ескере отырып, мынаны атап өткіміз келеді: зерттеуімізде біз ұлы державалық патриотизм идеясын үгіттеушілердің позицияларын мақұлдаймыз.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді (1-сурет).

Сурет -1. Қазақстандық патриотизмнің мәні


Жалпы патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.


Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғарғы оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылып, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойындарына алған жасөспірім жастар ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады. Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған орай кейбір мәселелердің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде халық педагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда заман ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындады. ¦ғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы жасөспірімдер санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм».
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғаруы ұлттық патриотизмін күшейте түсіру. Оқу орындарында оқушыларға халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз өз зерттеулерімізден көріп жүрміз. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.
Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Оқушыларға ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғарғы оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Ұлттық патриоттық білім беру құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар, ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәні.
Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілік пен дамып, қалыптасады. Халық педагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан жасөспірімдер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің тарихын жүйелі талдап, зерттеп, жоғарғы оқу орындарында патриот жасөспірімдер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Кез келген ғылым–зерттеу жұмысы дайын тұрған, болмаса бір нәрсені қосып, алып тастаудан туындайтын зат емес. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін алдын ала жобалау, яғни зерттеу жұмысымыздың орындалу барысындағы әдіс-тәсілдерді іске асыру үшін нәтижелі, практикалық пайдасын болжамдаймыз.
Халық педагогикасының негізінде оқушылардың бойында қалыптасқан патриоттық мінез бен іс-әрекеттің құрылымдық үлгісін, оның компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, құрылымдық жүйе ретінде қарастырып әзірледік (кесте -1).

Кесте - 1. Қазақ этнопедагокасы негізінде оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру үлгісі





Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Отан қорғауға оң көзқарастың болуы

Отан қорғауға моралдық психологиялық дайындық-тарынының болуы және оған оң көзқарас таныту,
Отан қорғауға деген сезім қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын сезіну;
Отан қорғауға саналы дұрыс қарым-қатынас жасау;
Отан қорғауға деген патриоттық тәрбие берудің қажеттігін түсіндіру;
Отан тағдырына алаңдаушылық білдіру, халқының рухани құндылығын сақтау, тарихына қызығушылық білдіру

Когнитивтік

Патриоттық сана-сезімнің болуы

патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен түсінігі;
патриоттық тәрбие беру процесінде қолданылатын халық өнері, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындардың маңызын білу;
патриоттық тәрбие беру мүмкіншіліктерін сезініп танып-білу;
толеранттық, патриоттық сана-сезімнің болуы мен ұлттық қарым-қатынас пен мәдениетті игеріп білу;

Мінез-құлықтық

Патриоттық тәрбиенің іс-әрекеттегі көрінісі

патриоттық тәрбие беруде ұлттық ойындардың маңызын түсініп білу білігі;
спорттық бағыттағы әскери патриоттық ойындардың қажеттігін түсініп білу білігі;
патриоттық тәрбие бердегі кездесулер, тренинг, диспуттардың мәнін анықтап бағалай білу білігі;
патриоттық тәрбие берудегі ұлттық спорттық жарыстардың ерекшелігін бағалай білу білігі

К.Ж.Қожахметова, Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова еңбектеріндегі этникалық тәрбие нәтижесінде жетілген адам теориясына негіздеп өз үлгімізді жасап қарастырдық.


Біз зерттеу жұмысымызда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқымен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясында бөліп қарастырып отырмыз.
Бұл істердің жүзеге асуы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі жіктемесін мақсатты түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.
Мектептерде оқушыларға патриоттық тәрбие беруде «патриот оқушы» тұлғасын қалыптастыруда, Д.С. Құсайынова, Ж.Н. Қалиев, С.Т. Иманбаеваның, еңбектеріндегі идеяларды негіз еттік. Модель құрамын анықтауды, біз оқушылардың патриоттық деңгейін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасауда қарастырдық. Оқушылардың патриотизмін қалыптастыру тетіктері күрделі, қайшылығы мол және ол патриотизмнің барлық құрамды бөліктерін қамтиды: мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық. Біз өзіміздің зерттеуімізде жоғарғы айтылған үш негізгі компоненттер бойынша халық педагогикасы негізінде оқушылардың патриоттылығының қалыптасатындығын айқындаймыз. (сурет -2).


Сурет-2. Халық педагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру моделі


Халық педагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру моделі моделдеу әдістерінің арасынан біздің зерттеуімізге тиімді жеке тұлғаның патриоттық сезімін қалыптастыруда оқу-тәрбие берудің ықпалын ескере отырып әзірленді.


Сөйтіп, біздің зерттеуіміздің көзқарасы тұрғысынан алғанда, оқушыларды халық педагогикасы негізде патриоттық тәрбие беру сапасын анықтайтын өлшемдердің жиынтығы, біріншіден тәрбиелеудің мотивациялық ком-понентімен байланысты болып, патриоттық тәрбие қызметін жүзеге асыруға ұмтылысымен және оның тиімділігіне талпынумен, оқушылардың патриот-тылығының жалпы деңгейін көтеруге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге құштарлығымен сипатталады. Екіншіден, зерттеліп отырған тәрбиенің когнитивтік компоненті патриоттық тәрбиені танып білу туралы теориялық, әдістемелік, білімдерінің кешенді жиынтығы, қаралып отырған процестің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, мінез-құлық компоненті оқушылардың тәлім-тәрбиелік қызыметі барысында жүзеге асырылатын халықтық мінез-құлық, менталитет арқылы патриоттық тәрбие беру процесінің практикалық іскерлігі мен дағдыларын меңгеруде көрініс табады.
Дегенмен, мектеп оқушыларына халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру үшін біз ұсынып отырған патриот оқушы тұлғасын қалыптастыру моделі соңғы нәтиже болып табылмайды, сондықтан, басқа негіздерде басқа модельдердің жасалуы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Халық педагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру моделі қандай да бір нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Осыған байланысты патриоттық тәрбие берудің деңгейін анықтаймыз.
Біз сүйеніп отырған моделіміз халық педагогикасында патриоттық тәрбие беру. Біз елестету формасына қарай патриот жасөспірім идеалын көреміз. Дәлірек айтатын болсақ, моделдеу бір нысанда келесі нысанның сипатын елестететін ғылыми зерттеу әдісі.
Оқушыларға халық педагогикасында патриоттық тәрбие беру негізінен, тәрбиенің кез-келген түрін, теориялық білімінің жоғары деңгейі ұлттық құндылықтар арқылы патриоттық тәрбиенің құрылымдық бөліктерін қарастырып әдістемесін жүзеге асырып, меңгеру, нақты педагогикалық міндеттерді шеше білу, оқушылардың педагогикалық міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру және жетілдіруден құралады.
Зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін «Халық педагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» деген түсініктің мәнін анықтап алуымыз керек. Бұл түсінікті бір мағынада пайдалануды мазмұнды белгілі бір шеңберде нақтылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, одан арғы жұмысқа теориялық негіз қалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, біздің көзқарасымызша, жоғары оқу орындарында халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру дегеніміз – оқушылардың аталған мәселеге тұрақты қызығушылығының болуы, тұлғалық және кәсіби қабілеттерінің жетілуі, патриоттық тәрбие мен халық педагогикасы туралы теориялық білімдерінің болуы және оларды жүзеге асыру іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуы, педагогикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, оқу-құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды пайдалануы.



Сурет -3. Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру моделі


Бұны біз өзіміз зерттеу нысаны етіп алған, жоғарғы оқу орындары жасөспірімдеріне патриоттық тәрбие беру процесіндегі патриот-жасөспірім моделі негізінде анықтадық.
Халық педагогикасының негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беруге болатынын біздің көп жылғы іс-тәжірибеміз дәлел бола алады. Сонымен қатар біз халық педагогикасы мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың теориялық-әдіснамалық еңбектеріне сүйенеміз. Бұл оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасауға мүмкіндік береді
Тұтас педагогикалық процесс барысында оқушыларға патриоттық тәрбиенің негізі туралы мағлұматтардың болуы-ол патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейі болып есептелінеді.
Патриоттық тәрбиенің деңгейлері негізгі өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сандау, саналық сипаттамалардың жағдайын және олардың өзара бір-бірімен қатынасынын көрсетумен айқындалады.
Осының бәрін ескере отырып, жоғарыда ұсынған оқушыларға берілетін патриоттық тәрбиеге байланысты айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштердің ара қатынасын жоғары, орта, төмен деңгейлермен белгіледік.
Осы мәселеге байланысты жеке-жеке талдап, қарастырдық.
1. Төменгі деңгейі: Отанының алға басуына, Қазақстандық патриотизмнің маңызын түсінуге және Қазақстан халқының тарихи тағдырын, саяси рәміздеріне құрметтеп қарауға білім деңгейі жеткіліксіз, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы жоқ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіртуге құлшыныс танытпайды, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жалғастырушы екеніне сенім білдірмейді.
2. Орта деңгейі: жоғары дәрежеде азаматтық жауапкершілік, қарапайымдылық, мейірімділік көрсеткенімен, бұл деңгейдегі жасөспірімдер қазақстандағы халықтардың салт-дәстүріне мән бермейді, қазақстандағы халықтардың тағдырына өзінің мүмкіндіктерінің таяздығынан, белсенділік көрсете алмайды, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы тұрақсыз, халық педагогикасындаоқушыларға патриоттық тәрбие берудің мән мағынасының бар екенін ескермейді.
3. Жоғары деңгейі: Отан тағдырына алаңдаушылық білдіріп Отанының алға басуына жұмыс жасап қазақстандық патриотизмнің маңызын түсініп білімін арттырады, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген тұрақты қызығушылығы бар, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қызығушылғын білдіріп, оның болашақ ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеуде мән мағынасының бар екенін түсініп өмірде қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет