Тақырыбы: Оқыту үдерісінде халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру Орындаған



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі165,08 Kb.
#95456
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми зерттеу жұмысы Мансур Г.П., Мырзаахмедова Ж.Н. Мирас университеті
3 философияпр. сабақ
2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


2.1 Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастырудың тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелері мен көрсеткіштері

Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру оқушылардың патриоттық тәрбиедегі даму деңгейлерімен, әр түрлі өмірдегі әлеуметтік жағдайларда дұрыс адамгершілікті мінез - құлық көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.


Тәжірибиелік-педагогикалық жұмыс №17 М.Ю.Лермонтов атындағы жалпы орта мектепте жүзеге асырылды.
Экспериментке 31 оқушы қатысты. Оның 19 эксперименттік, 12-бақылау тобына кіреді. Анықтаушы эксперимент барысында сауалнама көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) оқушылардың бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиенің деңгейін анықтадық.
Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге оқушылардың қазақстандық патриотизмнің мәні, жалпы патриотизм, патриотизм туралы субьективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті. Оқушылардың қазақстандық патриотизм туралы білім деңгейлері қанағаттанарлық болғанымен халық педагогикасы негізіндегі патриоттық тәрбие жайындағы білім деңгейлерінің төмендігі байқалды.
Анықталған жағдайды негізге ала отырып біз оқушылардың патриоттық білімін тереңдету мақсатында, қалыптасушы тәжірибе алдында біз эксперементалды және бақылау топтарының жасөспірімдерінің алдында патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейлері бойынша жүргіздік.
Эксперименттік топ оқушыларымен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында патриоттық тәрбиенің қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжрибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері эксперименталды топ оқушыларда патриотизмнің қалыптасу деңгейін әр–уақытта жоғарылатуға мүмкіндік беретіні біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Халық педагогикасының негізінде оқушылар бойында қалыптасқан патриоттық тәрбие компоненттерін анықтадық диаграмм - 1).



Диаграмма-1. Оқушылардың патриоттылығын анықтайтын компоненттер көрсеткіштері (анықтауыш эксперимент)

Оқушылардың халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие қалыптастырудың деңгейлері анықталды. Кестеде халық педагогикасының негізінде жасөспірімдер бойында қалыптасқан патриотизм идеясы компонентері қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) болашақ мамандарда патриотизмнің қалыптасуы деңгейі эксперименталды топпен бақылау топттары арасында көп айырмашылық бар. Эксперименттің басы мен соңында (диаграмма-2, кесте-2) алынған бақылау кесінділерінің нәтижелері тәжірибелік жұмыстың елеулі өзгеріс әкелгенін көрсетті.



Диаграмма-2. Халық педагогикасының негізінде жасөспірімдер бойында қалыптасқан патриотизм компоненттерінің даму көрсеткіші


Кесте-2. Халық педагогикасы негізінде оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)





деңгейлер топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ



8,33%

29,17%

62,5%

Бақылау тобы



14,55%

30,91%

54,54


Диаграмма-3. Халық педагогикасы негізінде оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)

Кесте-3. Халық педагогикасының негізінде оқушыларға патриоттық тәрбиені қалыптастырушы эксперимент нәтижелері





деңгейлер
топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ

42,5%

32,5%

25%

Бақылау тобы

15,45%

40%

44,55%




Диаграмма-4. Халық педагогикасының негізінде оқушыларға патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша оқушылардың патриотизм деңгейі экспериментальдық топта 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында 40пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады.
Бақылау тобында эксперимент басында төменгі деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады.
Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде жүргізу, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері әскери кафедра жасөспірімдеріне ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етті. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынды.
Осылайша жүргізілген ұсыныстар бойынша іс-әрекеттер оқушыларының тұлғасын халықтық педагогика элементтері арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл іс-әрекеттер арнайы тәрбие жұмыстары деп аталатын ұсынылған тиімді әрекеттер арқылы болатыны ескерілді.
Жүргізілген сынақ-тәжірибені қорытындылай отырып келесі жағдайды нақтылауға болады. Оқушылардың тұлғалық қалыптасуының мотивациялық компаненті халықтық педагогика элементтері арқылы олардың халық педагогикасына деген саналы көзқарасын, ұлттық сана-сезімге құштарлығын, ұлтжанды көзқарасын, ұлтжанды тұлға болуға деген қажетсінуін, жалпы қазақ халық педагогикасының жеке тұлғаны қалыптастыруға дұрыс ықпалы бар екенін, оның маңыздылығын дұрыс қабылдай білуін айқындау тұрғысында тұрлі зерттеу әдістері қолданылып тексерілді.
Алынған нәтижелерді талдау барысында әскери кафедра жасөспірімдерінің тұлғалық қалыптасуының мотивациялық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте -4):

Кесте-4. Оқушылардың тұлғалық қалыптасуының мотивациялық компонентінің даму нәтижелері





Мектеп оқушыларыныңтұлғалық қалыптасуының мотива-циялық компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим.
тобы
(125 жасөспірім)

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим. тобы
(125 жасөспірім)

Төмен деңгей

63,3%

64,6%

65,8%

24,3%

Орта деңгей

25,6%

24,8%

21,9%

44,2%

Жоғары деңгей

11,1%

10,6%

12,3%

31,5%

Оқушылардың ұлттық тәрбиелілігінің когнитивтік компоненті бойынша олардың халықтық педагогикасына деген ұлттық сана-сезімі, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігі, ұлтжандылығы, басқа ұлттарға сыйлы қатынасын айқындау үшін оларға сауалнамалар мен психологиялық тестілер, әңгімелер өткізіліп, зерттелді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:



    • ұлттық патриотизм туралы сана-сезімінің болуы;

    • ұлттық сенімдердің болуы;

    • өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілік сезімінің болуы;

    • өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі;

    • басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынас;

    • қазақ халық педагогикасының тәлім-тәрбиелік идеялар туралы бөлімі.

Алынған нәтижелерді талдау оқушылардың ұлттық тәрбиеліліктің когнитивтік компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте -5):

Кесте-5. Мектеп оқушыларының тұлғалық қалыптасуының когнитивтік компонентінің даму нәтижелері





Оқушылардың тұлғалық қалыптасуының мотива-циялық компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим.
тобы
(125 жасөспірім)

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим. тобы
(125 жасөспірім)

Төмен деңгей

55,8%

56,9%

57,6%

22,4%

Орта деңгей

26,0%

26,1%

23,5%

46,9%

Жоғары деңгей

18,2%

17,0%

18,9%

30,7%

Оқушылардың ұлттық тәрбиелілігінің мінез-құлық компоненті бойынша олардың ұлттық мінез-құлық дағдысын айқындау үшін арнайы бақылаулар жүргізіліп, жасөспірімерінің әртүрлі ұлттық іс-әрекет түрлеріне қатынасуы негізге алынды.


Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:

    • ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасуы;

    • ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу;

    • ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті;

    • қазақ халық педагогикасын ұлтжандылық іс-әрекетте қолдану бөлігі;

    • өз Отанын, ұлтын, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеу;

    • өз ұлтымен және басқа ұлт өкілдерімен ізгілікті қатынас жасау;

    • оқу және оқудан тыс уақытта саналы тәртіп пен тұлғалық ерекшелігін таныту.

Алынған нәтижелерді талдау мектеп оқушыларыныңтұлғалық қалыптасуындағы мінез-құлық компонентінің өсу динамикасын анықтауға мүмкіндік берді (кесте -6 ):

Кесте-6. Мектеп оқушыларының ұлттық тәрбиелігінің мінез-құлық компонентінің қалыптасу нәтижелері





Мектеп оқушыларыныңтұлғалық қалыптасуының мотива-циялық компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим.
тобы
(125 жасөспірім)

Бақылау тобы
(120 жасөспірім)

Эксперим. тобы
(125 жасөспірім)

Төмен деңгей

58,3%

57,6%

59,2%

27,7%

Орта деңгей

26,5%

25,6%

23,5%

35,5%

Жоғары деңгей

15,2%

16,8%

17,3%

36,8%

Сонымен зерттеу жұмысында анықталғандай мінез-құлықтық компанент бақылау тобы жасөспірімдеріде төмен денгей 59,2% болса, эксперимент тобында 27,7% болды, ал, жоғары деңгей бақылау тобында 17,3% болса, эксперимент тобында бұл көрсеткіш 36,8%-ке артқанын көруге болады;


Мектеп оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг жоғары оқу орнындағы әскери кафедра жасөспірімдерінің ұлттық тәрбиелілігінің деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қажет ететіндіктен, біз қорытындыларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста жасап отырдық. Алынған нәтижелердi талдау және оларды зерттеу экспериментiк және бақылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру эксперименттiк топтардағы оқушылардың ұлттық тәрбиелілік сапасының бірнеше көрсеткішке артқанын аңғартты (кесте 7).
Мұндай әдісі тәрбие процесінің тиімділігін арттырады, себебі ол қазіргі кездегі оқушылардың жеке тұлғасын дамыта отырып, олардың дербес ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Кесте -7. Мектеп оқушыларының халықтық педагогика элементтері негізінде тұлғалық қалыптасуының даму қарқыны





Топ

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Бақылау

58,0 %

59,0%

27,0%

25,0%

15,0%

16,0%

Эксперименттік

57,0%

27,0%

27,0%

37,0%

16,0%

36,0%

Демек, оқушылардың тұлғалық қалыптасуы халықтық педагогика элементтері негізінде жүзеге асырылатынын дәлелдей түстік.


Зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп іс-тәжірибеде алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  • халық педагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің деңгейі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, жасөспірім тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары анықтады;

  • оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерінің мәнін ашуға мүмкіндік туғызды.

  • халық педагогикасының негізінде патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісінің негізделуі осы тәрбие процесінде патриот жасөспірім тұлғасының қалыптасуына нақты жағдай туғызады;

  • оқушыларға халық педагогикасының негізінде патриоттық тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды қолдану оқушылардың патриоттығын қалыптастырудың тиімділігін арттырды;

  • біз ұсынып отырған халық педагогикасындапатриоттық тәрбие беру моделі, оқушыларға патриоттық тәрбие беруде халық педагогикасы негіздерімен шектелмей, қазақ халқының дана тұлғаларының мұрасын танып білуге, қастерлеуге жол аша отырып толыққанды патриот жасөспірім тұлғасын қалыптастыруға негіз болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет