Тақырыбы: Оқыту үдерісінде халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру Орындаған



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі165,08 Kb.
#95456
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми зерттеу жұмысы Мансур Г.П., Мырзаахмедова Ж.Н. Мирас университеті
3 философияпр. сабақ
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:

  1. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, адамгершілік, ізгілік сапаларын оқушылардың бойына сіңіру үшін тұлғаның ұлттық тәрбиесін қолға алу, оның теориялық негіздерін айқындау және іс-тәжірибеде іске асырылуын қамтамасыз ету педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып табылады.

  2. Оқушыларға халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы тәрбие беру мәселесінде айқындалған негізгі бағдар тәрбиеге ізгілендіру тұрғысынан мән беру, соның аясында тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру болды.

  3. Педагогика ғылымының теориясы мен практикасында оқушылар тұлғасына халықтық педагогика элементтері арқылы тәрбие беру проблемасын этнопсихология және халықтық педагогика құралдарының мүмкіндіктерін анықтау арқылы дәлелденді.

  4. Тәрбие беру процесінің нәтижелілігі оқушылар тұлғасына ұлттық тәрбие беру моделін қолданумен қамтамасыз етiлдi. Бұл мазмұндық-құрылымдық модель мотивациялық, компоненттерiнің бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштермен сипатталады.

  5. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау негізінде және теориялық зерттеуіміздің нәтижесінде мектеп оқушыларына халықтық педагогика элементтері арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын педагогикалық шарттар ретінде айқындап, оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттік.

  6. Зерттеуде негізделіп отырған әдістері мектеп оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және бақылау топтарындағы тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.

  7. Тәрбие жұмыстарын өткізу кезінде оқушылардың ұлттық сипаттағы тұлғалық қалыптасуындағы сана-сезімі мен мінез-құлық деңгейлері айқындалды. Эксперименттік топтағы оқушылардың ұлттық тұлғалық сапаларының қалыптасу деңгейін анықтау олардың мінез-құлқы дамуы негізінде құрылды.

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

  • халықтық педагогика элементтері негізіндегі колледж жасөспірімдерінің ұлттық тәрбиесі мұғалімнің нәтижелі іс-әрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтыны ескерілсе;

  • анықталған педагогикалық шарттар мектеп оқушыларына жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлауға негіз болуы тиіс;

  • мектеп оқушыларының тұлғасын қалыптастыру барысында ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн;

  • алынған зерттеу нәтижелері әртүрлі мамандық жасөспірімдерін кәсіби іс-әрекетке даярлауда халықтық педагогика элементтері ерекше мәнге ие болатыны ескеріліп отырса;

  • ұсынылып отырған мектеп оқушыларына халықтық педагогика элементтері негіздерінде ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарының жүйесін оқушыларды тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде пайдалану қажет.

Зерттеу жұмысы күрделі болғандықтан, қарастырылып отырған мәселе бір ғана бағытта зерделеніп, талқыланды, бірақтан толығымен өз шешімін тапты деуге болмайды. Сондықтан, келешекте оқушылардың тұлғалық қасиетін жетілдіруде заманауи оқыту технологияларын қолдану жөніндегі мәселені шешу үшін қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Біз өз зерттеуіміздің күрделілігіне байланысты оның барлық аспектілерін толығымен шештік деп айта алмаймыз. Сондықтан болашақта арнайы пәндер мазмұнының отансүйгіштік мүмкіндіктерін айқындау мәселелері бойынша жеке зерттеулер болашақтың ісі деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет